Прокуратура әкесін сабаған Садақбаевтың жазасын қатаңдатуды сұрады

Oinet.kz 27-01-2026 44

Түркістан облысында  науқас  әкесін үнемі сабап, соққыға жыққан Алмас Садақбаевтың ісі қайта қаралауы мүмкін. Прокуратура сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді. Себебі  Садақбаевқа берілген   жазаны тым жеңіл деп санайды. Бұл туралы Түркістан облыстық прокуратурасы хабарлады. 

image.png

      Сот 41 жастағы  Садақбаевты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша: «Дәрменсіз күйдегі адамды азаптау» және «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» дерегімен кінәлі деп таныған болатын. Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 6 жыл 2 айға қамауды сұраған еді. Алайда сот жаза тағайындау кезінде айыпталушының бұрын сотталмағанын, кінәсін мойындап шын өкінгенін және кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескерді.  Нәтижесінде Алмас Садақбаев жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді. 

   Бұл шешімнің әділетті еместігін алға тартқан  Шардара ауданының прокуратурасы  жазаны қатаңдатуды сұрап отыр.  

   Еске салайық, өткен жылдың күзінде ер адамның мүгедек әкесін ұрып-соғып жатқан түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарап, қоғамда үлкен дау туғызды. Ұлының әкесіне деген қатыгездігін көрші үйдің кәмелетке толмаған қыздары жасырын видеоға түсіріп, зейнеткер қайтыс болғаннан кейін интернетке жариялаған.

Бекзат Алтынбеков: Конституционная реформа — это новый вектор развития
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу