«Шаршадым. Үкіметке өткіземін»- Апалы-сіңлілі Назгүл мен Құндыздың қамқоршысы мәлімдеме жасады

Oinet.kz 26-01-2026 45

Журналист Руслан Өтепбай  телефонына 17 жыл бойы аға-жеңгесінің қолында құлдықта болған Құндыздың қол-аяғы байланған күйдегі фотосы келіп түскенін мәлімдеді деп жазады Оinet.kz. 

image.png

Мән-жайды анықтау үшін журналист апалы-сіңлілі Құндыз бен Назгүлдің қазіргі заңды қамқоршысы Зүлфия Төленоваға хабарласқан. Алайда қамқоршы бұл жағдайдың оның үйде болмаған кезінде орын алғанын айтып, жауапкершілікті өзінен ысырып отыр. Алайда журналистке жолданған фотода Құндыз сол үйде, жерде қолы мен аяғы байлаулы күйде жатқаны анық көрінеді. Осы суретті көрген бетте Руслан Өтепбай қамқоршыға хабарласқан. 

Телефон арқылы Зүлфия Төленова:«Құндыз Назгүлді ұрған. Ауруы қозып кеткен шығар. Сол кезде байлаған ба, білмеймін. Мен де қазір көріп отырмын. Үйде Танялар байлаған», – деп жауап берген.

Таняның кім екені сұралғанда, қамқоршы оның үйде екенін, бірақ «топтағы қыздардың бірі» екенін және дұрыс сөйлей алмайтынын алға тартқан. «Өзім үйде жоқ едім, шаруамен жүрдім. Қатты ашуланып тұрмын. Шынымды айтсам, дүйсенбі күні барып арыз жазамын. Шаршадым. Үкіметке өткіземін», – деген Төленова.

Алайда Руслан Өтепбай дүйсенбі күні Таразға өзі келетінін айтқанда, қамқоршы «керегі жоқ» деп қарсы болған. Бұл жайт та журналистің күдігін күшейте түскен.

Желіге жүктеген видеосында Руслан Өтепбай «байлаған мен емес» деген уәжге сенбейтінін ашық айтты. Сондай-ақ ол Тараз қаласының қорғаншылық және қамқоршылық органдарын, сондай-ақ полиция департаментін бұл жағдайды шұғыл түрде тексеруге шақырды.

В Шымкенте продолжается работа по обеспечению жильем социально уязвимых слоев населения
Глава ОСДП: Конституционная реформа — это ответ на очень конкретные запросы общества
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу