Шымкентте автодромда емтихан кезінде бойжеткен көлікті аударып алды
Сынақ тапсырамын деп, жазым бола жаздады. Шымкент қаласында автодромда күтпеген оқыс жағдай орын алды деп жазады Оinet.kz ақпараттық порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеода көліктің аударылып жатқаны және жас қыздың жылаған дауысы естіледі.
Оқиға 19 қаңтар күні "Асар-2" шағынауданындағы №4 АвтоХҚКО-да болған. Жүргізуші куәлігін алу үшін сынақ тапсыру кезінде қыз көлікті тізгіндей алмай, аударып алған. Сынақ тапсырушы аман қалған. Шығынның бәрі қыз баланың мойнына түспек.
Аталған мекеме әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.


