Өткелдер құрылысы қарқынды жүргізілуде

Oinet.kz 15-12-2025 14

Шымкент қаласында көлік қозғалысының қарқындылығының артуына байланысты жол кептелістерін азайту және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Қаланың аумағы кеңейіп, тұрғын саны мен автокөлік санының өсуі көлік инфрақұрылымын жүйелі түрде дамытуды талап етеді.

image.png

Осыған орай, қалада көше-жол желісін кеңейту, негізгі магистральдарды қайта жаңғырту және жаңа жол тораптарын салу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Әсіресе, қозғалысы тығыз учаскелерде жолдарды кеңейту, қосымша жолақтар салу және айналма жолдар ұйымдастыру мәселесіне басымдық беріліп отыр.

Кептелісті азайту мақсатында Шымкент қаласында заманауи интеллектуалды көлік жүйелері кезең-кезеңімен енгізілуде. Атап айтқанда, бағдаршамдардың жұмыс уақыты көлік ағынына қарай реттеліп, орталық көшелерде қозғалысты автоматты басқару элементтері қолданылуда. Бұл көлік қозғалысын оңтайландырып, уақыт жоғалтуды азайтуға мүмкіндік береді. 

Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков Астана қаласының Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы» жөнінде брифингте халыққа қажетті қаланың шығыс бөлігі мен орталығын байланыстыратын Момынов және Тіленшин 2 ірі теміржол өткелінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқандығын айтқан болатын. Бүгінде Момынов көшесіндегі теміржол өткелінің құрылысы 95 пайызға аяқталып, жуық арада көлік қозғалысына толық жағдай жасалады. Тіленшин көшесін келесі жылы іске қосылады. 

Осыған орай қала басшысы Еңбекші ауданында Момынов және Тіленшин көшелерінде салынып жатқан екі автокөлік өткелінің құрылыс барысын тексерді.

Айта кететін жайт, аталған нысандар іске қосылғаннан кейін теміржол арқылы көлік құралдарының қауіпсіз өтуі қамтамасыз етіліп, жол қозғалысындағы кептеліс деңгейі төмендейді.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Қала басшысы жауапты мердігер ұйымға барлық жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде тапсырма берді. 

Жалпы, мұндай жобалар қаладағы көлік инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

Аталған шаралардың барлығы Шымкент қаласында жол қозғалысын жеңілдетуге, кептелістерді азайтуға және тұрғындардың уақытын үнемдеуге бағытталған. Көлік инфрақұрылымын дамытуға қатысты жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, қала тұрғындары үшін қолайлы әрі қауіпсіз қозғалыс ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Демеушілер қолдауымен қалалық ауруханалардың материалдық-техникалық базасы нығайды
Бадам тас жолында жол ережесін бұзу фактілері дрон көмегімен анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу