Шымкент: Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды

Oinet.kz 14-12-2025 125

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс бабымен қаланы аралау барысында жедел медициналық жәрдем қызметіне 30 жаңа санитарлық автокөліктің кілтін табыстады.

1000520021.jpg

Мегаполис басшысы медицина ұйымдары мен шұғыл қызметтердің материалдық-техникалық базасын жаңарту әкімдік жұмысының басым бағыттарының бірі екенін айтты. Жедел жәрдем автопаркін жаңарту – халыққа көрсетілетін шұғыл медициналық көмектің сапасы мен жеделдігін арттырудағы маңызды қадам.

«Hyundai STARIA» маркалы жаңа санитарлық автокөліктер заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Көліктерде кардиографтар, дефибриллятор-мониторлар, өкпені жасанды желдету аппараттары, электрлі сорғыштар, оттегі баллондары, арнайы зембілдер және қорғаныш қалқандары бар.

Қала әкімі, сонымен қатар, денсаулық сақтау ұйымдарына  «Аль-Фараби фарм Лтд» ЖШС демеушілігімен сатып алынған, медициналық жабдықтарға арналған сертификаттар табыстады. Тапсырылған жабдықтардың қатарында жаңа туған нәрестелерге арналған инкубаторлар, функционалдық және реанимациялық төсектер бар. Бұл жабдықтар нәрестелерді күтіп-бағу сапасын арттыруға және ауыр хәлдегі науқастарды тиімді емдеуге мүмкіндік береді.

Қала әкімі денсаулық сақтау саласын жаңарту және Шымкент тұрғындарына медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыс жалғаса беретінін атап өтті.

Айта кетейік, бүгінде қалалық жедел медициналық жәрдем қызметі 10 қосалқы станция базасында жұмыс істейді. Тәулік бойы тұрғындарға 115 бригада шұғыл көмек көрсетеді, оның ішінде 28 дәрігерлік және 87 фельдшерлік бригада бар.

Қазіргі заманда денсаулық сақтау саласының дамуы халықтың өмір сүру сапасын арттырудың басты көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Осы тұрғыда, Шымкент қаласында Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөліктің табыстауы – тұрғындардың денсаулығын қорғау және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруда маңызды қадам.

Себебі, жаңа автокөліктер Жедел жәрдем қызметінің техникалық базасын нығайтып, шұғыл көмек көрсету сапасын арттырады. Жедел жәрдем қызметі науқастарға уақытында және сапалы көмек көрсетуі тиіс, ал жаңа көліктердің заманауи жабдықтармен жабдықталуы бұл міндеттің орындалуына үлкен мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өмір мен денсаулықты сақтауда шешуші рөл атқарады.

Сонымен қатар, автокөліктердің жаңартылуы медицина қызметкерлерінің жұмыс жағдайларын жақсартуға да бағытталған. Жаңа құрал-жабдықтар мен көліктер қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындауын жеңілдетіп, олардың мотивациясын көтереді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

30 новых санитарных автомобилей переданы службе скорой помощи Шымкента
Цифровизация для устойчивого развития Шымкента
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу