Биыл Шымкентте елді мекендердің барлығы асфальт жолмен қамтылады

Oinet.kz 11-12-2025 21

Шымкент қаласында көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны, жаңа тұрғын алаптарының көбеюі және көлік санының артуы жол сапасына қойылатын талаптарды күшейтіп отыр.

image.png

 Алдағы уақытта мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Шымкенттегі көшелердің барлығы цифрлық паспортизациядан өткізілмек. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. 

Шаһар басшысы биыл мыңнан астам шақарымға асфальт салу жоспаланып, оның бүгінде 97 пайызы орындалғанын, жыл соңына дейін қаладағы жаңа қоныстаған елді-мекендер толығымен асфальт жолмен қамтылатынын жеткізді. Президенттің өңірге жасаған сапары барысында берілген тапсырмаға сәйкес биыл А-2  айналма жолының негізгі бөліктері қайта құрудан өтіп, қала арқылы өтетін транзиттік көліктерге жағдай жасалатын болады. 

«Былтыр 270 шақырым жолға асфальт төселсе, биыл 1 000 астам шақырым жолға асфальт төсеу жоспарланып, оның бүгінде 97%-ы орындалды. Жыл соңына дейін қаладағы қоныстанған елді мекендер толығымен асфальт жолмен қамтылатын болады», - деді Ғабит Сыздықбеков баспасөз конференциясында.

Қаланың шығыс бөлігі мен орталығын байланыстыратын 2 ірі теміржол өткелінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Әуежайды халықаралық заманауи мультимодальды хабқа айналдыру үшін жаңа ұшу-қону жолағын салу жұмыстары басталды. Бұл жоба Шымкенттің логистикалық мүмкіндіктерін арттырып, өңірлік хаб ретінде дамуына серпін береді.

Конференция барысында шаһар басшысына қаладағы кептеліс мәселесінің қашан және қалай шешіліп жатқандығы туралы да сауалдар жолданды. Әкім өз сөзінде кептеліс мәселесі кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.  «Кептеліс мәселесі жылдан жылға басты проблемаға айналып отыр. Бас жоспарда болмаса да  практика ретінде қай жер ыңғайлы болса сол көшелерді ұзартып, кеңейтіп жатырмыз. Мұның барлығы бас жоспарға өзгеріс ретінде енгізілетін болады. Одан бөлек жолайрықтар, көпірлер салып жатырмыз. Жыл соңына дейін бұрыннан проблема болып келген Момынов көшесіндегі ұзын-сонар кептеліс жойлатын болады»,- деді қала әкімі.

  Қаланың орталығы Ташкент-Алматы тас жолымен байланыстыратын Қонаев даңғылының жалғасын келесі жылы толық аяқтау жоспарланып жатыр екен. Сонымен қатар  Бәйдібек би және Төлеметов көшелерінің қиылысындағы жол айрығын салу жұмыстары да басталған. 

«Қиял әлемі» және «Кең баба» демалыс орындары аумағына жаңа саябақ салынады
Шымкентте 3 жылда 295 базалық станция орнатылып, 398 станция модернизациядан өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу