Қала әкімінің төрағалығымен өткен аппарат отырысында өзекті мәселелер қаралды

Oinet.kz 09-12-2025 17

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмауға қатысты эпидемиологиялық жағдай, сондай-ақ субұрқақтардың биылғы жұмысы мен келесі жылға жоспарлар жөнінде баяндамалар тыңдалды.

image.png

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қанат Қадырбеков Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында сыбайлас жемқорлық қылмыстарға жауапкершілікті қатаңдату шаралары қабылданғанын атап өтті.

Нақты айтқанда, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыспен сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау күшейтілді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен сотталғандарды қоныс-колонияларға жіберу тоқтатылды. 

Мемлекеттік қызметкерлерге лауазымға тағайындалған кезде шетелдік банктегі шоттарын жабуға алты ай мерзім беріледі. Алдын алу, ашықтық, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидаты негізгі басым бағыттар болып қала береді.

     Сыбайлас жемқорлықпен күрес Қазақстан Республикасы үшін стратегиялық маңызы бар міндеттердің бірі. Мемлекет қоғамның барлық саласында адалдық, ашықтық және есеп берушілік қағидасын нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл бағытта құқық қорғау органдары, мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам және білім беру ұйымдары өзара ынтымақтастықта әрекет етеді. Мемлекеттік қызметте моральдық-этикалық нормаларды сақтау – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды құрамдас бөлігі. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ұзақ мерзімді, кешенді және үздіксіз процесті талап ететін бағыт. Қазақстанда қабылданып жатқан шаралар мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, қоғамның сенімін күшейтуге, экономикалық даму мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттің жүйелі саясаты, құқық қорғау органдарының белсенді жұмысы және азаматтардың жауапкершілігі – елімізде жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Талғат Серманизов эпидемиялық маусым басталғалы бері 150 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы тіркелгенін айтты. Эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп бағалануда. Талғат Серманизовтың айтуынша, тіркелген жағдайлардың басым бөлігі амбулаториялық деңгейде ем алуда және созылмалы аурулары жоқ тұрғындар арасында жеңіл түрде өтуде. Қалада барлық медициналық ұйымдар күшейтілген жұмыс режиміне көшкен, жедел-жәрдем бригадаларының, емханалардағы сүзгі-кабинеттердің және инфекциялық стационарлардың жұмысы тұрақты бақылауда.

Департамент басшысы маусымдық инфекциялардың таралуын шектеу үшін алдын алу шараларын күшейту маңызды екенін атап өтті. Қоғамдық орындарда санитариялық талаптарды сақтау, жеке гигиена дағдыларына мән беру, үй-жайларды жиі желдету және уақытылы медициналық көмекке жүгіну – инфекцияның кең таралуын тежейтін негізгі факторлар.

Шымкентте "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" акциясы жалғасуда
«Оңтүстік» индустриялық аймағында бу құбырын салу жұмыстары жүргізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу