10 жаңа қазақстандық жоғары оқу орны Азияның ең үздік университеттері рейтингіне енді

Oinet.kz 06-11-2025 24

 2025 жылғы 4 қарашада QS Quacquarelli Symonds жоғары білім беру саласындағы халықаралық талдау агенттігі *QS Asia University Rankings 2026 – Азияның ең үздік университеттері рейтингінің 2026 жылғы тізімін* жариялады.

1000500416.jpg

Орталық Азия елдері арасында Қазақстан QS Asia University Rankings рейтингінде қатысу аясын айтарлықтай кеңейтті – 112 университеттің ішінде 44 қазақстандық жоғары оқу орны енді.* Салыстыру үшін: Өзбекстаннан – 22 университет (204-тен), Қырғызстаннан – 6 университет (61-ден), Тәжікстаннан 1 университет (27-ден) енген.

Атап өту керек, биыл рейтингке 10 жаңа қазақстандық университет енді:*

1. Назарбаев университеті – 201 орын

2. Алматы Менеджмент университеті – 741-750 орындар

3. Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT университеті – 1001-1100 орындар

4. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті – 1101-1200 орындар

5. Alikhan Bokeikhan University – 1201-1300 орындар

6. Каспий университеті – 1201-1300 орындар

7. Рудный индустриялық институты – 1301-1400 орындар

8. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті – 1301-1400 орындар

9. Astana International University – 1401-1500 орындар

10. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті – 1401-1500 орындар

Қазақстан – Орталық Азия елдері ішінде Азияның ең үздік топ-100 университетіне кірген жалғыз мемлекет:* әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 38 орын, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 61 орын, Satbayev University – 79 орын.

Қазақстанның рейтингтегі позициясының өсуі академиялық стандарттардың артуымен қатар халықаралық стратегиялық серіктестіктерді дамытуда жүйелі жұмысының нәтижесін көрсетеді._ 

Саясат Нұрбек: «Қазақстанда шетелдік университеттердің 40 филиалынан тұратын желі құрылуда»
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу