«Таза қазақстан» республикалық акциясы аясында экологиялық сабақтар өткізілді

Oinet.kz 18-09-2025 13

Шымкент қаласында халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және экологиялық жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы жалғасуда. Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – қаланың білім беру мекемелерінде іс-шаралар ұйымдастыру.

1000477049.jpg

Қаладағы мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында ашық экологиялық сабақтар, тәрбие сағаттары мен танымдық кездесулер өткізілуде. Аталған іс-шараларда жастарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартуға ерекше көңіл бөлінуде.

Атап айтқанда, №50, 65 және 135 жалпы білім беретін мектептерде экология, тұрақты өмір салты және табиғатқа ұқыпты қарау тақырыптарына арналған ашық сабақтар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, қалалық Жастар ресурстық орталығында жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған кездесу өтті. Шараға эковолонтерлер, экология саласының мамандары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында қатысушылар өзекті экологиялық мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын ұсынды.

Іс-шараларға жастар ұйымдарының өкілдері, оқушылар мен қонақтар белсене қатысып, өз сөздерінде жас ұрпақты қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше мән беруге және экологиялық жауапкершілігі жоғары қоғам құруға үлес қосуға шақырды.

Аталған шараларды ұйымдастыруға қаланың білім беру мекемелері, Жастар ресурстық орталығы және қоғамдық экологиялық ұйымдар атсалысты.

«Таза Қазақстан» бағдарламасының мақсаты – азаматтарды, әсіресе жастарды қалалық экологиялық бастамаларға белсенді қатыстыру, экологиялық таза әрі тұрақты өмір салтын насихаттау және қоғамда экологиялық сананы дамыту.

Шымкент: Цифрландыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде
Прошли экологические уроки в рамках республиканской акции «Таза Қазақстан»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу