Жаңа технология мен жасанды интеллектті оқу үдерісіне енгізу – білімнің заманауи моделі

Oinet.kz 20-08-2025 15

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың республикалық Тамыз конференциясында білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізуді тапсырды. 

Screenshot_58.jpg

«Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы конференцияда Президент жаңа технология мен жасанды интеллектті оқу үдерісіне енгізу – білімнің заманауи моделі екенін атап өтті.

Бүгінде жасанды интеллект, цифрлық платформалар, онлайн оқыту жүйелері білім саласының бөлшегіне айналып келеді. Президент осы үдерісті жеделдетуді тапсырды. Бұл  мұғалімдерді алмастыру емес, олардың жұмысын жеңілдету мен тиімділігін арттыру.

«Әлем жаңа технологиялық дәуірге қадам басты. Оның басты нышанын инновацияның қарқынды дамуы мен жасанды интеллектінің өмірімізге дендеп енуінен байқауға болады. Сондықтан бүгінде «озық ойлы ұлт» пен «технологиялық ұлт» ұғымдары егіз. Біздің міндетіміз – жаһандық үрдістерге бейімделу. Ол үшін білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформацияның қарқынын үдету өте маңызды. Цифрландыру мен жасанды интеллектіні игеру білім саласындағы теңсіздікті еңсеріп, оқу сапасын айтарлықтай арттыруға үлес қосады. Бүгінде еліміздегі мектептердің 95 пайыздан астамы жылдам интернетпен қамтылған. Аталған көрсеткішті 100 пайызға жеткізу керек. Жерсерік жүйелерінің мүмкіндіктерін осы мақсатқа пайдалануға болады. Мұны жай ғана инфрақұрылымға теңдей қол жеткізу мәселесі емес, әлеуметтік әділдіктің маңызды идеологиялық қағидаты ретінде қарастырған жөн.

Сонымен қатар озық инновациялық тәсілдер ерекше қажеттілігі бар балалардың толыққанды білім алуына жол ашып, инклюзивті орта қалыптастыруға мүмкіндік беруде. Елімізде мектепке немесе колледжге қабылдау, сондай-ақ басқа мектепке ауысу бойынша барлық негізгі қызметтер цифрлық жүйеге көшірілген. Электронды Үкіметтің мобильді қосымшасында білім саласына қатысты барлық ақпарат жиналған Bilim қызметі жұмыс істеп тұр», - деді Президент өз сөзінде.

Сонымен қатар, оқушылардың цифрлық сауатын дамыту, дербес білім траекториясын қалыптастыру мүмкіндігін кеңейтеді.

Тағы бір атап өтерлігі, қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты жою – сапалы білімге тең қолжетімділік осы цифрлық теңсіздікті жою арқылы мүмкін болмақ. Қазіргі таңда ауыл мен қала баласының білім сапасындағы айырмашылық елеулі. Президент бұл мәселеге ерекше назар аударып, білім беру инфрақұрылымын теңестіруді, үздік педагогтарды ауыл мектептеріне тартуды, цифрлық теңсіздікті жоюды тапсырды. Бұл  шын мәнінде ел ішіндегі әлеуметтік әділеттіліктің кепілі.

«Отбасы – мектеп – мемлекет» үштігінің үйлесімділігі – тәрбие мен білім сапасының кепілі
Әділетті, Таза, Қуатты Қазақстан – меритократиядан басталады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу