Абай мұрасы жастардың ұлттық рухани мұраға деген құрметін арттырды

Oinet.kz 19-08-2025 7

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Ұлы ойшылға арналған шығармашылық кештер легі жалғасуда.

Screenshot_36.jpg

Бір күнде жастар орталығының ұйымдастыруымен ұйымдастырылған екі іс-шара өз нәтижесіне жетті.

Атап өтсек, Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай және Шымкент қаласында ұлы ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Қара сөздің қас шебері» тақырыбындағы поэзия кеші өтті. Оған ақын жанды, Абай өлеңдерін жатқа білетін жастар мен әдебиет сүйер қауым өкілдері қатысты. Поэзия кешінде өлеңдер оқылып, қарасөздері көрерменге таныстырылды. 

Іс-шараның мақсаты – Абай шығармашылығын жастар арасында кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақты рухани құндылықтарға баулу және поэзияға деген қызығушылықты арттыру.

Поэзия кеші барысында қатысушылар ақынның өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқып, сондай-ақ Абайға арналған авторлық туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Аталған мәдени іс-шара жастардың ұлттық рухани мұраға деген құрметін арттырып, ұлы ақынның шығармашылық мұрасын дәріптеуге елеулі үлес қосты. 

Ал Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақтың бас ақыны – Абай» тақырыбындағы онлайн жыр мүшәйрасы осы іс-шара аясында жалғасын тауып, байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне ұласты. 

Бұл байқауға жас ақындар Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған авторлық өлеңдерін жолдаған болатын. Қазылар алқасының шешімімен үздік шығармалар анықталып, жеңімпаздар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Бұл мүшәйра жастардың ұлы ақын мұрасына деген құрметін арттырып, ұлттық рухани байлығымызды өлең арқылы дәріптеуге жол ашты. Ұйымдастырушылар жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Сонымен байқау қорытындысында I орынды жас ақын Жамал Шалқарбайқызы жеңіп алды. Ал II орынға Абдураимова Жұлдыз және Сарсенбай Бақдаулет ие болды. III орынды Диана Қуанышбекқызы, Әбілғазы Ақбота және Ромашев Жұлдызбек қанағат тұтты. Мүшайраға қатысқан жас ақындар, Шымкент қаласының жастары қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан дайындалған арнайы дипломдармен және заттай бағалай сыйлықтармен марапатталды. 

Абайға арналған мереке рухани-мәдени іс-шараға ұласты
Ұлттық идеологияның негізі және түп қазығы – Ата Заң
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу