Түркістан облысында өнеркәсіп өнімінің көлемі артуда

Oinet.kz 25-09-2024 14

Президентіміз биылғы Жолдауында еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау керектігін Үкіметке тапсырды. «Аймақтардың өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын барынша дамыту керек» деген Президент елдегі өнеркәсіп саласын дамытуға Жолдауда басымдық берген.

Screenshot_37.jpg

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Түркістан облысында бірнеше индустриалды аймақ құрылып, өнеркәсіп саласы даму жолына түсті.

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың айтуынша, Түркістан облысында 9 айда 857,1 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,3 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде 409,1 миллиард теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 112,7 пайызға өскен. Жалпы өнеркәсіптегі үлесі 47,1 пайызды құрайды.

- Жолдауда көтерілген өнеркәсіп ошақтары Түркістан облысында жоспарлы түрде жұмыс істеп, өнім өндіруде. Олар арнайы индустриалдық аймақтарда орналасқан. Түркістан облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жалпы ауданы 540 гектарды алып жатқан 4 индустриялық аймақ облысымыздың Сауран, Келес, Тұрбат, Сарыағаш аудандарында құрылған. Индустриялық аймақтар орналасқан ауданның экономикалық өсімін көтеруге, инвестициялық әлеуетін арттыруға зор септігін тигізетін болады. Индустриялық аймақтар импортты алмастыратын және бәсекеге қабілетті өндірістерді құруды ынталандыру, шетелдік және отандық инвестицияларды тарту үшін жағдайлар мен заманауи инфрақұрылымды қалыптастыру мақсатында құрылған.

Бүгінгі таңда, облыс аумағында жалпы ауданы 1083,2 гектарды құрайтын 14 индустриялық аймақ (Түркістан, Кентау, Созақ, ҚТИЗ-БАДАМ, Мақтаарал, Қазығұрт, Түлкібас, Шардара, Бәйдібек, Мақтаарал (ХӨКО), Сауран, Келес, Тұрбат, Сарыағаш) орналасқан. Ол аймақтарда жалпы құны 93,5 миллиард теңгені құрайтын 76 жоба жүзеге асырылуда. Осының есебінен 4554 адам жаңа жұмыс орнымен қамту көзделген. Бүгінгі таңда бұл индустриалдық аймақтарда құны 38,6 миллиард теңгені құрайтын 51 жоба іске қосылып, 2789 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Атап айтсақ, машина жасау бойынша 4, тамақ өнеркәсібінде 7, жеңіл өнеркәсіпте 5, құрылыста 33, экономиканың басқа да салаларында 27 жоба жұмыс істеп тұр, - дейді Зұлпыхар Жолдасов.

Өндіріс ошақтарының жұмысының жандануы нәтижесінде аймақта тамақ өндірісі 3,5 пайызға, жеңіл өнеркәсіп – 14,2, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру – 32,8, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру – 19,2, металлургия өндірісі – 26,6, машина жасау – 5,8, жиһаз өндіру – 81,7 пайызға артқан. Ал өңдеу өнеркәсібі саласында 706 кәсіпорын жұмыс істеуде. олардың 676-і шағын, 22-і орта, 8-і ірі кәсіпорын. Салада 18,1 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

«Осы жылдың І тоқсанында өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 5436,3 мың теңгені құрады. Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнімі көлемінің 44,6 пайыз үлесін құрайтын тау-кен өндірісі саласында өндірілген өнім көлемі 382 миллиард теңгеге жетті. Өндірілген өнеркәсіп өнімі көлемінің 47,7 пайыз үлесін құрайтын өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі – 112,7 пайыза жетіп, өнім көлемі 409,1 млрд теңгені құрады. Аталған көрсеткіш электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда 58,4 миллиард теңгені немесе нақты көлем индексі 115,1 пайызды құрады. Сондай-ақ облыста қайта өңдеу саласына баса назар аударылып отыр. Мәселен, екі жыл көлемінде өңдеу өнеркәсібінде 24 жоба іске қосылып, 824 жұмыс орны құрылды. Биыл 13 жоба жоспарланып, бүгінгі таңда 7 жоба жұмысын бастады. Нәтижесінде жаңадан 600 жұмыс орны құрылып отыр», - дейді облыс әкімінің орынбасары.

Бұл ауыр өнеркәсіп, онымен бірге аймақта жеңіл өнеркәсіп секторы да жақсы дамыған. Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 20 852,7 миллион теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі – 114,2 пайызды құрады. Өнеркәсіптің өндірілген өнімінің жалпы көлеміндегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 2,4 пайыз. «Есепті кезеңдегі жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштеріне тоқталар болсақ, тоқыма бұйымдары өндірісінде 19 123,3 миллион теңгенің  өнім өндірілді, нақты көлем индексі 114,7 пайызды құрады. Ал киім өндірісінде 1 598,8 миллион теңгеге өнім өндірілді, НКИ – 109,2 пайыз болды. Облыс аумағында жеңіл өнеркәсіп саласында 50-ге жуық кәсіпорын бар, оның ішінде басым бөлігі мақта өңдейді. Одан бөлек, 8 тігін кәсіпорны мен 9 тігін цехы жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ 3 кәсіпорын аяқ киім тігумен айналысады. Ал 1 кәсіпорын медициналық мақта шығарумен шұғылданып келеді», - дейді Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов.

Жалпы Түркістан облысында инвестиция салып, жеңіл өнеркәсіпті дамытуға ниет білдірген шетелдік компаниялар аз емес. Бүгінгі күні Түркістан қаласында «Комбинат фараб» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «TURAN» АЭА аумағында Қытай Халық Республикасының ірі компанияларының бірі Lihua Group бастамасымен «Алтын Дала Мақта» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мақта иіру зауыты салынуда.

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласында өндірген өнімі түсімі биыл жоғары
Түркістан облысында елді мекендерді таза ауыз сумен қамту 94,9 пайызға жеткізіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу