Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының сәтті дамуына серпін беріп отырған жетекші сала

Oinet.kz 15-09-2024 14

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажеттігін, бұл – стратегиялық міндет екенін атап өтіп, саланы дамытудың негізгі бағыттарын айқындап берген болатын.

Screenshot_77.jpg

Биыл негізгі бағыттарды жүзеге асыру мақсатында Түркістан аймағында ауыл шаруашылығында бәсекеге қабілетті өнім өндіру мен агроөнеркәсіп кешені жүйесін тиімді жүргізу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Мәселен, «Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру» аясында облыстың ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында мол қаржы бөлініп, бірнеше мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсетілді. Соның есебінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері егіс және көкөніс алқаптарынан биыл мол өнімге қол жеткізген.

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Тұрғанбек Оспановтың айтуынша, биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 870 мың гектар алқапқа орналастырылған. Егіс құрылымын қалыптастыруда рентабельділігі жоғары дақылдарға басымдылық берілген. «Тыңайтқыштардың құнын субсидиялау» бағдарламасымен аванстық төлем жүйесі ендіріліп, отандық тыңайтқыштар 60 пайыз субсидияланған. Нәтижесінде егіс алқаптарына 141,4 мың тонна тыңайтқыштар енгізілген. «Тұқым шаруашылығын қолдау» бағдарламасымен субсидиялау нормативтері 1,5- 2 есеге дейін ұлғайып отыр.  

- Мемлекет басшысы Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына айтарлықтай көңіл бөлініп отырғанын, биылдың өзінде егін науханынаекі есе көп қаражат бөлінгенін, алайда агроөнеркәсіпке бөлінетін бүкіл ақшаның 70 пайызы – мемлекет қаржысы екенін айтты. Халықтың әл-ауқаты мен тұрмысының жақсаруы тікелей аграрлық саланың дамуына байланысты. Сондықтан да ауыл шаруашылығы – ел экономикасының сәтті дамуына ерекше серпін беріп отырған бірден-бір жетекші саланың бірі. Биылғы көктемгі дала және күзгі жиын терім жұмыстарын жүргізуге 63 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағар май бөлінді. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға қол жеткізілді. Биыл 929 мың тонна дәнді дақылдар, 3,5 миллион тонна көкөніс-бақша өнімдері, 192 мың тонна жүзім жиналды. Бұдан бөлек, 5,5 миллион тонна мал азығы дайындалды, - дейді Тұрғанбек Оспанов. 

Бұдан бөлек, биыл облыста тәжірибе негізінде 1,9 мың гектарға жаңа әдіспен мақта дақылы орналастырылған. Технологияның тиімділігі – суды, энергияны, еңбек ресурстарын және минералды тыңайтқыштарды үнемдей отырып, гектарына 60 центнерден өнім алуға мүмкіндік береді. Бұл облыстың орташа көрсеткішінен 2,5 есеге жоғары.

«Облыстың климаттық ерекшелігі қарқынды бау және жылыжай шаруашылығын дамытуға өте қолайлы. Өңірде қарқынды баудың көлемі 5,7 мың гектарды құрайды. Өнімділік дәстүрлі бауларға қарағанда 5 есеге жоғары немесе 300-350 центнерге дейін өнім жинауға мүмкіндік беріп отыр. Жылыжайлардың жалпы көлемі 1 640 гектар, жиналған көкөніс 150 мың тонна, бұл республикалық көрсеткіштің 71 пайызын құрайды. Бұл маусымаралық кезеңде жергілікті өніммен республика халқы қажеттілігінің 42 пайызға қамтамасыз етеді», - дейді ол.

Ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция да баршылық. Мәселен, инвесторлар соңғы үш жылда субтропикалық банан, лимон өнімдерді жылыжайларда өсіру технологиясын үйреніп, кеңінен қолдануға көшкн. Биыл жылыжай шаруашылықтарынан 1,3 мың тонна банан, 3,2 мың тонна лимон өндірілген. 

Агроқұрылымдарды техникамен жабдықтау жұмыстары да Түркістан облысында жолға қойылған. Биылдың өзінде «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы жылдық 5 пайыздық мөлшерлемемен қол жетімді лизингтік бағдарламаcын іске қосты. 9 айда жаңадан 1603 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынып, жаңалау үлесі 6,3 пайызды құраған. бүгінгі күні түркістандық шаруалар көкөніс пен бақша өнімдерін жинауды жалғастыруда.

Қазығұрт ауданының экономикалық әлеуеті артып келеді
Сарыағаш ауданында Президент тапсырмасы аясында екі мектеп салынуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу