«Ғылым мықты болса, мемлекет те қуатты болады»

Oinet.kz 15-04-2024 156

Бүгін Мемлекет басшысы қазақ ғалымдарына жылы лебізін білдіріп,  Ғылым күнімен құттықтады. 12 сәуір - қоғамымыз үшін ерекше сәт, себебі бүгін ғұлама ғалым, заңғар тұлға Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Дәл бүгін академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толды.

Screenshot_7.jpg

Біз Ұлы Абайды қазақ руханиятының темірқазығы, Ахмет Байтұрсынұлын Ұлт ұстазы дейміз. Ал Қаныш Сәтбаевты қазіргі қазақ ғылымының атасы деуге болады.

Өздеріңіз білетіндей, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – халқымыздың біртуар перзенті. Еліміз әлі күнге дейін оның ғылыми жаңалықтарының игілігін көріп отыр. Әйгілі ғалымның мерейтойын жоғары деңгейде атап өту маңызды.

Сондықтан ұлы тұлғаның құрметіне арнайы іс-шара өткізіліп, білім-ғылым мәдениетін қалыптастыру жолында Сәтбаев салған сара жолды жалғастыру керек –деді Мемлекет басшысы.

Президент өз сөзінде ғылымға деген қамқорлықты артырып, барлық салаға инновациялық тәсілдер енгізу үшін қолайлы жағдай жасалатынына уәде беретінін мәлімдеді. Егерде  «Ғылым мықты болса, мемлекет те қуатты болады»,  себебі ғылым өркендесе, экономика да өркендейді, халықтың әл-ауқаты артады деп өз сөзін қорытындылады.

Шетелдегі ғалымдарды қазақстанға қайтару идеясы құптарлық ұсыныс
Президент: Сәтбаев салған сара жолды жалғастыру керек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу