Ұлттық құндылықтар - басты құндылықтар

Oinet.kz 23-11-2023 1599

Той-томалақтарда біздің, қазақ ұлтының мәдениетіне мен сал-дәстүріне жат орыс пен батыстың селтең-селтең етіп  биін билеген, қарт аталар мен жігіт ағаларды, жасөспірімдер мен кішкентай балаларды да  көріп қаласың.

Screenshot_2.jpg

Қазақ халқының басым көпшілігі ауылды жерлерде тұрады. Демек, халқымыздың мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы оларға етене жақын. Компъютерлік ойын клубтарында қайдағы бір қияли жаумен шайқасып,  цифрлық технология қарыштап дамыған заманда, ересектер де, кішілер де ұялы телефонның құлына айналғаны бәрімізге белгілі. Сол компъютерлік ойындар мен телефондағы тиктокты қарап, уақытты оздырғанша, сол ауылды жерлерде балаларға арналған алаңшаларда әткеншектер құрып, халқымыздың ұлттық ойындарын өткізсе,  немесе көкпар шабу, қыз қуу, асық ойнау, тағы басқа толып жатқан ұлттық ойындарды жергілікті атқару органдары, мектептің басшылары мен әдіскерлері ұйымдастырып, уақытша емес тұрақты айналысса, сонда ғана селтеңдемейміз, тиктоктағы қайдағы бір анайы, біздің тәлім-тәрбиеге  жат, түкке татымсыз дүниелерден алшақтаймыз, сонда ғана ұлттық құндылықтарымызды сақтап қаламыз. 

Еліміздің үкіметі біздің дінге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын салафизм ағымына тосқауыл қоя бастады. Ал кезінде ел басшысын құдаймен тең санауға шақырған осы салафизм неге әкеліп соқтырғанын бәріміз де білеміз:  диктатура, сыбайлас жемқорлық, ұры-қарылардың тайраңдаған заманы, миллиондап ұрлап-тонағандар жасырын қыр асып, елден вагон-вагон байлықтары алып қашса, тауық ұрлап, немесе қалталының жаласынан темір тордың арғы жағынан бір-ақ шығып жатқандар қаншама...

Әлеуметтік желілерде халқымыздың тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін қорлаған небір сұмырай, жексұрындар, ал дәлірек айтсақ, қазақтың нанын жеп, ауасымен демалып отырған отанын сатқандар жүр тайраңдап. Бұл жерде әңгіме бір немесе екі, үш  ұлт жайында болып тұрған жоқ, биеден ала да құла да туады деген нақыл сөз бар, мәселе осыған келіп тіреледі, Осы біздің Ленгір қаласында қазақ тілін өз тіліндей меңгерген өзге ұлт, әсіресе славян халқының өкілдері жеткілікті, әсіресе, оқушы балалар арасында, неге солар жайында БАҚ-да жазып, кеңінен насихаттамаймыз, тіліміздің мәртебесін солар арқылы асқақтатпаймыз сақалын қауғадай етіп өсіріп қысқа балақ кигендерді, паранжа жамылып, арабтарға еліктегендерді, керісінше, халқымыздың ұлттық киімдерін тек Наурыз мерекесінде немесе той-томалақтарда ғана емес, күнделікті киіп жүруге шақырмаймыз, бәрімізге болмаса да ұлттық киңмдерді киіп жүру челендждері өтіп жатқаны белгілі, демек, осы мәселені аудандық әкімдіктің мәдениет және тілдер бөлімі мен жастар орталығы мықтап қолға алуы керек деп санаймын.

Ілияс АХМЕТОВ,

Төлеби ауданы Түркістан облысы

«Ақжар» қосалқы станциясы келесі жылы пайдалануға беріледі
SWP: Казахстан заметно выделяется среди стран ЦА своей внешней политикой
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу