Шымкент қаласында ардагер ұстаздар отбасы құндылығымен бөлісті
Шымкент қаласында отбасы құндылықтары тұрақты насихатталып келеді. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «Ғаламат» қоғамдық бірлестігі «Бақытты отбасы-Бақытты жан» жобасын іске асыруда. Ал кезекті кезекті семинар кездесу №24 IT мектеп лицейде жалғастырылды. Ата-аналар, ұстаздар қатысқан семинар барысында психолог пен заңгерге көптеген сұрақтар қойылып толыққанды жауаптар берілді.
«Ғаламат» қоғамдық бірлестігі төрайымы Дана Маманованың айтуынша, бүгінде тұрмыс тауқыметінің тасасында қалған құндылықтарды дәріптеуде, отбасы мүшелерінің жауапкершілігін түсіндіруде қоғамдық ұйымдар жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Осы орайда мамандар мемлекеттің азаматтық қоғаммен жұмысы жалғастырып келеді.
Саттар Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейінде «Бақытты отбасы-бақытты жан» тақырыбында ата-аналарға арналған семинар-тренинг «Ғаламат» қоғамдық бірлестігі төрайымы Дана Маманова, мүшесі Зәуре Оралбаеваның ұйымдастыруымен өтті. Іс-шара барысында «Ата-ананың қарым-қатынасы, баланың күйзелісі» тақырыбында сахналық көрініс көрсетілді.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында мемлекеттің басты байлығы адам екенін, оның құқығы мен отбасылық құндылығы сақталуы қажет екенін айтып келеді. Бүгінде елімізде әрбір отбасының мүддесі сақталған. Халқымызда «Отан – отбасынан басталады деген жақсы сөз бар. Шын мәнінде солай. Шаңырақ көтерген соң жауапкершілікті сезіну, отбасыңмен өсіп-өну, ұл-қызыңды ұлағатты жолға тәрбиелеу – жеңіл міндет емес. Отбасының асқар тауы болып жүрген әкелер мен шаңырақтың сәні болып жүрген ұлағатты аналарға қандай құрмет көрсетсек те артық емес, - дейді Дана Маманова.
Отбасылық психолог Гүлсара Малғайдарова «отбасындағы өзара қарым-қатынас, психологиялық ахуалдан күйзеліске ұшыраған бала, оны қалай осы кезеңнен алып шығуға болады? Жолдары қандай?» деген сұрақтар арқылы топтық жұмыстар жүргізді.
Ал заңгер Венера Нұрғалиқызы отбасының әр мүшесінің құқығының бұзылуы, қорғалуы туралы заң тұрғысынан сұрақтарға жауап берді. Отбасындағы қарым-қатынастың бала тәрбиесіне әсері жайында педагогика ғылымдарының кандидаты ардагер ұстаз Ұ.Есім және қонаққа шақырылған ұлағатты ардагер ұстаздар өздерінің құнды ойларымен бөлісті.