Шымкент қаласында Ақтас елдімекеніне табиғи газ берілді

Oinet.kz 15-10-2023 327

Шымкент қаласында қарасты елдімекендерге көгілдір отын тарту жұмыстары жалғасуда. Жуырда қаладағы Тұран ауданына қарасты Ақтас елді мекеніне табиғи газ берілді. 

Screenshot_79.jpg

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, шаһардагы елдімекендерді табиғи газбен қамту жұмыстарымен «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы айналысуда. Қалада «2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама» аясында төртінші кезеңге жоспарланған жұмыстар 2024 жылдың бірінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланған. Жобаны жүзеге асыруға «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы жалпы соммасы 4 миллиард теңгеден астам жеке инвестициясын бағыттап отыр. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында монополиялы нарықтарда «Тарифті инвестицияға айырбастау» деген жаңа тариф саясатына көшу керегін айтқан болатын. Президент ұсынған жаңа саясатқа сәйкес қайсы монополист инфрақұрылым желілерін жаңартуға инвестиция салса, мемлекет сол компанияға коммуналдық тарифтерді өсіруге рұқсат береді. Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі бірқатар шараларды қолға алған еді. Соның ішінде газ құбырын тарту жұмыстары. Мәселен, «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамыына тиесілі 898,9 шақырым табиғи газ құбыры жаңғырту үшін 28,2 миллиард теңге қажет екені анықталды. Бұл Шымкент қаласындағы газ құбырларының тозу деңгейін 12 пайызға төмендетеді екен. Осыған  орай «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы «2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама» қабылдаған болатын. Биыл осы бағдарламаның төртінші кезеңі жүзеге асырылып жатыр, - дейді қала әкімі.

Ал Ақтас елдімекенінде құрылыс жұмыстары былтыр басталып, мерзімінен кешіктірілмей 16,7 шақырымға газ құбыры тартылып бітті. Нәтижесінде аталған аймақтағы 1380 тұрғын көгілдір  отынмен қамтылып отыр. Атап өтерлігі, тұрғындар «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы  тарапынан табиғи газға қосылуы үшін техникалық шарт алулары тиіс. Қазіргі уақытта Ақтас елді мекеніндегі құжаттары дайын тұрғын үйлерге рет-ретімен газ берілуде. 

Шымкент қаласында ардагер ұстаздар отбасы құндылығымен бөлісті
Шымкент қаласының әкімі қоғамдық кеңес отырысына қатысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу