Шымкент қаласында Бәйдібек би-Арғынбеков жолайрығының айналма жолы ашылды

Oinet.kz 16-10-2023 1818

Шымкент қаласында жол құрылысы қарқынды жүргізілуде. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, бүгінгі таңда жол саласында Бәйдібек би-Арғынбеков күре жолы қиылысындағы үш деңгейлі жолайрықтың құрылыс жұмысы қазір қарқынды жүргізіліп жатыр екен.

Screenshot_77.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру мәселесін алдымызға қойып отыр. Соның ішінде Мемлекет басшысы ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруға, қаржы бөлуге өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын талап еткен болатын. Біз бүгінгі таңда осы бағытта жұмыстар жалғасын табуда. Президентіміз Жолдауында 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде Үкіметке тапсырма бергені белгілі. Бұл жұмыстар қаламызда тиісті деңгейде атқарылуда. Дегенмен тұрғындар тарапынан жолға қатысты көп сын айтылады. Біз ол қолайсыздықты жою мақсатында жаңа жобаларды қабылдап, жаңаша бағыта жұмыс істеуді қолға алдық. Атап айтар болсақ, бүгінгі таңда қанағаттанарлық автомобиль жолымен қамтуды 71,2 пайызға жеткізу жоспарлануда. Қаладағы көлік кептелісін азайту мақсатында ірі құрылыс жобалары жүзеге асырылуда, - дейді қала әкімі.

Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, бүгінде үш деңгейлі жолайрық құрылысы жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіліп, кептелісті азайту мақсатында көліктердің қозғалысына кезең-кезеңімен ашылуда. Биыл жолдың осы бөлігінде, атап айтсақ, 15 мамыр күні халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында жолайрықтың Арғынбеков көшесіндегі тұсы ашылған болатын. Одан кейін 10 шілде күні Арғынбеков көшесінен келе жатқан көлік ағынына, сондай-ақ Бәйдібек би даңғылына түсетін оң жақ өткелдің көлік қозғалысына жол ашылды. Құрылыс жұмыстарын осылай ыңғайластыра отырып, көлік кептелісін азайту мақсатында жол кезең-кезеңімен ашылуда. Енді жолайрықтың екінші деңгейдегі айналма жолы көлік қозғалысына ашылды. 

Қазір Бәйдібек би даңғылымен Арғынбеков көшесіне оң жақ бұрылыс және Бәйдібек би даңғылынан келе жатқан көліктерге кері айналуына мүмкіндік беретін жол ашық.

Шымкент қаласында 5 мектеп пайдалануға берілді
Шымкент қаласында ардагер ұстаздар отбасы құндылығымен бөлісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу