Шымкент қаласындағы Құрсай елдімекені таза ауыз сумен биыл қамтылады

Oinet.kz 11-10-2023 225

Шымкент қаласында таза ауызсу құбыры шағын аудандарда қарқынды жүргізілуде. Сол жұмыстың бірі Тұран ауданында атқарылу үстінде. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бұған дейін Тұран ауданы тұрғындарымен кездесуде көтерілген өзекті мәселерге байланысты Құрсай елдімекенін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан құрылыс жұмысының барысымен танысты. 

Screenshot_63.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында алдымызға үлкен міндет қойып отыр. Ол халықты сапалы, таза ауызсу жүйесімен қамту. Өздеріңіз жақсы білесіздер Президентіміздің бұған дейінгк халыққа арнаған Жолдауларында «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін елімізде таза ауызсу мәселесін шешуді тапсырғаны белгілі. Яғни, алдағы үш жылда қалалар 100 пайыз, елдімекендер 80 пайызға дейін таза ауызсумен қамтылуы тиіс. Жолдауда айтылған «Ақбұлақ» бағдарламасы да өңірде өз шешімін тауып, кезең-кезеңмен іске асырылуда. Қазіргі таңда таза ауыз сумен қамтылған қаладағы ауданға қарасты елдімекендер саны едәуір артқан. Су – тіршілік көзі. Қоғамдағы барлық тіршілік салалары үшін су ресурстарының маңыздылығын айтып жатудың өзі артық. Елімізде осыдан 12 жыл бұрын басталған «Ақбұлақ» бағдарламасы соңғы үш-төрт жылдың көлемінде қарқын алғаны белгілі. Ол «Өңірлерді дамыту», «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламалары және «Ауыл – ел бесігі» жобалары аясында жүзеге асырылуда, - дейді Ғабит Сыздықбеков.

Бұл елдімекенде құрылыс екі кезеңде атқарылуда. Бірінші сатыда мердігерлер шағынауданға су жеткізу үшін ұзындығы 185,5 шақырымды құрайтын құбырларды жүргізуде. Жаңа желілер арқылы 5 мыңға жуық отбасыға ауыз су жеткізіледі. Құрылыс жұмыстарының бірінші кезеңі қараша айында аяқталады. Қазіргі таңда құрылыстың 99 пайызы орындалған.

Ал екінші кезеңдегі жалпы су жүйелерінің ұзындығы - 151 шақырым. Бүгінге дейін жұмыстардың 98 пайызы аяқталған. Нәтижесінде жыл соңында 3 мыңнан астам абонент ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Қала әкімі жауаптыларға құрылыс жұмыстарын сапалы аяқтап, мерзімінде атқару бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. 

Шымкент қаласында ұстаздарға құрмет көрсетілді
Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданында 25 көшеге асфальт жабыны төселді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу