Шымкент қаласында ұстаздарға құрмет көрсетілді

Oinet.kz 11-10-2023 165

Шымкент қаласында мұғалімдер күні ерекше құрметпен аталып өтті. Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Қал әкімінің айтуынша, Мегаполистің білім беру жүйесі – 30 мыңға жуық ұстаз еңбек ететін үлкен салаға айналып отыр.  Қаламыздағы 930 білім беру ұйымы 440 мыңға жуық тәрбиеленушіні, оқушы мен студентті қамтиды. 

Screenshot_62.jpg

«Жалпы бүгінгі таңда білім саласына көп көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен биылдан бастап елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын қолға алынды. Мемлекет басшысы Жолдауында «Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек», дей отырып, әрбір өңірдің ерекшелігіне қарай мектеп салуды тапсырды. Бүгінгі таңда қаламызда осы «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 17300 орындық 12 мектеп салу жоспарлануда», - деді қала әкімі алдағы жоспарымен бөлісіп.

Сондай-ақ қала басшысы ұстаздар қауымына құттықтауын жеткізіп, ізгі лебізін білдірді. Сондай-ақ салтанатты жиында саланың үздіктері арнайы марапатталды.     

- Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен елімізде алғаш рет «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданып, ұстаздардың қоғамдағы абырой-беделі артып келеді. 2020 жылдан бастап бүгінге дейін ұстаздар жалақысы 100 пайызға, балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30 пайызға өсіп, әлеуметтік тұрғыда қорғала түсті. Кешегі өткен Республикалық педагогтер съезінде  Президентіміз ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Мектепті ең қауіпсіз орынға айналдырудың маңызды екенін тағы да еске салып, білім беру ұйымдарында орын алған буллинг, зорлық-зомбылық көрсетуді түбірімен жоюды тапсырды. Осы бағытта жұмыстарды күшейту – басты міндетіміз» - деді қала әкімі. 

Кеш қонақтары патриоттық әндерді тыңдап, ұстаздарды ұлықтаған шәкірттердің өнерін тамашалады. 

Шымкент қаласында Еңбек ардагерлері құрметке бөленді
Шымкент қаласындағы Құрсай елдімекені таза ауыз сумен биыл қамтылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу