Шымкент қаласында 67 тұрғын үй, 5 мектеп пайдалануға берілді
Шымкент қаласында құрылыс жұмысында қарқын бар. Бүгінде шаһарда көпқабатты тұрғын үйлер көптеп салынып, жолдар жөнделіп, әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Шымкент қаласының құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетовтың айтуынша, басқарма тарапынан биыл бюджет есебінен жалпы 144,9 миллиард теңгені құрайтын 160 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Осы жылы 98 тұрғын үй құрылысын аяқтау жоспарланған.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қайсыбір Жолдауын алып қарасақ та барлығында құрылыс саласын дамытуға басымдық берілген. Президент биылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында да құрылыс саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Жалпы шаһарда өткен 9 айдың қорытындысымен 230,1 мың шаршы метрді құрайтын 3072 пәтерлі 67 тұрғын үй пайдалануға берілді. Айта кету керек, оның 61-і кредиттік, 6-ы арендалық үй. Ал 31 нысан келесі жылға өтпелі. Бүгінгі таңда Тұран шағын ауданында 1 көпқабатты тұрғын үйдің 54 пәтер құрылысы аяқталып пайдалануға тапсырылды. Сондай-ақ Бозарық шағын ауданында 54, Ақжайық сити шағын ауданында 26, Тұран шағын ауданында 18 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, - дейді ол.
Бұдан бөлек, нарықтан 1405 арендалық пәтер сатып алынған. Оның 900-і жұмыс істейтін жастарға 505-і әлеуметтік осал топтағы азаматтарға берілген. Қазіргі таңда, жастарға 420, аз қамтылғандарға 363 пәтер сатып алыныпты. Қалған 31 тұрғын үйдің (1050 пәтер, 82,3 мың ш.м) құрылысы келесі жылға өтпелі екен.
- Бұдан бөлек, қалада әлеуметтік нысандар, соның ішінде мектеп салу жұмыстары жал,асын табуда. Атап айтсақ, биыл Шымкент қаласында 3450 орындық 7 мектептің құрылс жұмысын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 5 нысанның құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Ал бір нысанның құрылысы жыл соңына дейін аяқталатын болады, қалған 1 нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі. Сонымен қатар 2023-2024 жылдары жалпы 33,5 миллиард теңгеге 12 мектептің құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда, 9 мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Ал 3 мектептің құрылысын жыл соңына дейін бастау жоспарлануда. Қалған 6 мектептің құрылысын 2024-2025 жылдары іске асыру жоспарда бар, - дейді Шымкент қаласының құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетов.