Шымкент қаласында 279 азамат арендалық пәтермен қамтылып, баспаналы болды

Oinet.kz 07-10-2023 295

Шымкент қаласының тұрғындары арендалық пәтермен қамтылып, баспаналы болуда. Қала әкімдігі тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Өтебаеваның айтуынша, биыл Шымкент қаласында мемлекеттік бағдарлама аясында халықтың әлеуметтік осал топтарын, көпбалалы отбасыларды және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін 324 арендалық пәтермен қамту жоспарланған екен.

Screenshot_49.jpg

Қазіргі таңда арендалық тұрғын үймен түрлі санаттағы 279 азамат қамтылыпты. Бұдан бөлек, тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтарға қосымша 505 арендалық пәтерді сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Оның 151-і жетім балаларға, 135-і көпбалалы отбасыларға, 219-ы әлсіз топтарға арналған. 

– Шымкент қаласында биыл кредиттік бағытта 1886 пәтермен қамту жоспарланған болса, бүгінгі таңда 1249 азамат осы бағытта пәтерге қол жеткізді. Жыл соңына дейін жұмыс істейтін жастарға арендалық бағытта 888 пәтер беріледі. Қазан айында конкурсты бастау жоспарлануда. Осы жылға 200 миллион теңге қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарланып, төлем қабілеттілігін растаған 170 азаматқа 149,1 миллион теңгені берілді, – деді басқарма басшысы Жанат Өтебаева. 

Сондай-ақ, шаһарда биыл көпқабатты 36 тұрғын үйді жөндеуден өткізу жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 15 тұрғын үй күрделі, 21 тұрғын үй  ағымдағы жөндеуден өтеді. Одан бөлек, қала аумағындағы авариялық, тозығы жеткен 6 тұрғын үйді бұзып, қайта жаңа тұрғын үй кешенін салу жоспарланған болатын.  Қазіргі таңда реновация бағдарламасы аясында Безделев көшесіндегі 72А, 111 нөмірлі  тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу жұмыстары басталды.

Бұдан бөлек, Сәуле шағын ауданында 276 орамды табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстарын «Ремстрой» жауапты серіктестігі жүргізген болатын. Құрылысы 2022 жылы басталған нысанның жұмыстары барысында қазіргі таңға дейін ұзындығы 29 шақырымнан тұратын газ құбыры жүргізілді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары тәмәмдалып, нәтижесінде 1370 абонент көгілдір отынмен қамтамасыз етілді. Абоненттеу жұмыстары «ҚазТрансГаз» АО бірлесіп  техникалық шарттары дайын тұрғын үйлерде қамтамасыз ету жұмыстары жасалатын болады.

Жалпы 2023 жылы табиғи газбен қамтылу көрсеткішін 94 пайыздан, 96 пайызға жеткізу жоспарда.

Шымкент қаласының әкімі жылыту маусымына дайындық барысын тексерді
Шымкент қаласында халықаралық білім көрмесі өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу