Шымкент қаласында халықаралық білім көрмесі өтті

Oinet.kz 07-10-2023 324

Шымкент қаласында білім саласына енгізіліп жатқан жаңалық көп. Қаладағы білім деңгейін жоғарылату мақсатында шаһарда «International Educational Fair 2023» халықаралық білім көрмесі өтті. Шымкент қалаларында ұйымдастырылған көрменің ашылу салтанатына қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева қатысып, болашақ студенттер мен жас мамандарға сәттілік тілеп, қолдау көрсетті.

Screenshot_50.jpg

Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, биыл «International Educational Fair 2023» білім көрмесіне әлемнің 60-тан астам елдерінің оқу орындары қатысуда екен. Оның ішінде жастардың қызығушылығын Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Чехия, Оңтүстік Корея, Малайзия елдерінің университеттері мен білім гранттары қызықтырып отыр. Көрмеге қаламыздың оқу орындары мен мектептерден 1 мыңға жуық талапкерлер қатысқан. 

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Жолдауында экономика салаларындағы кадр тапшылығын, сондай-ақ, білім беру жүйесін өзгерту қажеттігін ерекше атап өтті. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған көрме жастарымыздың дамуына үлкен мүмкіндік береді. Осынау ауқымды іс-шараға әлемнің 60 елінен түрлі университеттер қатысып отыр. Бүгінде көптеген дамыған елдерде тегін білім алу жолдары қарастырлған. 

Оған қоса жастардың шет елде жоғары білім алуына мемлекет тарапынан ла қолайлы жағдай жасалып жатыр. Жас мамандардың осы мүмкіндікті пайдаланып, заман талабына сай сапалы білім алуына тілектестік білдіремін. Еліміздің болашағы жастардың қолында десек, осындай іс-шаралар арқылы еліміздің кадрлық әлеуеті мықты да білікті мамандармен толысатындығына сенімім мол,  – деді қала әкімінің бірінші орынбасары  Қуаныг Асылов.

Бұл көрме Шымкент қаласынан бөлек елордамыз Астана мен Алматы қалаларында да өткізілуде. Ондағы көрмелермен тікелей байланыс орнату арқылы мегаполистер өзара іс-әрекеттік байланыс жасап, бір-бірімен тәжірибе алмасты.

Аталған көрменің жабылуы 7 қазан күні Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өтпек. «Аіі Group» білім және мәдениет, медиа компаниясы, «Віlіm» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бастамасымен өткен  көрме қазақстандық жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, шетелдік білімнің қолжетімділігі мен таңдау ауқымын көрсету, жастардың жан-жақты дамуы мен білімді, дарынды жастарға тәжірбие алмасуына  қолдау білдіру мақсатында жеті жыл бойы ұйымдастырылып келеді. 

Шымкент қаласында 279 азамат арендалық пәтермен қамтылып, баспаналы болды
Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданы жылыту маусымына дайын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу