Шымкент қаласында қайтарымсыз грант алуға ниетті азаматтардың өтініштері комиссияда қаралуда

Oinet.kz 28-09-2023 209

Шымкент қаласында мемлекеттік қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін ашқысы келетін әлеуметтік санаттағы азаматтар көп-ақ. Олардың бір тобы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы» шеңберінде «Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қайырылған болатын.

Screenshot_24.jpg

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, грант алуға өтініш бергендердің қарасы да қалың. Атап айтсақ, мемлекеттік қайтарымсыз гранттың үшінші легінде «Business.enbek.kz»  порталына жалпы саны 1780 азаматтан өтініш түскен. Кеше үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия отырысы басталған.  

- Комиссия мүшелері бүған дейін өткен екі легінде әрбір үміткердің жобасын жан-жақты талқылап, назардан ешнәрсені таса қалдырмауға тырысты. Комисия отырысының әділ өтуіне басымдық берілді. «Комиссияның әрбір мүшесі әрбір үміткердің бизнес-жоспарын бұйрықтың өлшемшарттары бойынша бағалап, толтырып отырды. Атап айтсақ, бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру бойынша бағаланды. Ал грант беру туралы шешім комиссиялық түрде және үміткерлердің бизнес-жобаларының пысықталуын бағалаудың нақты өлшемшарттары негізінде қаралды. Ал, енді,  25 қыркүйектен 5 қазан аралығында  өтеусіз қаражат алуға ниетті азаматтар өздерінің жаңа бизнес -жобаларын  комиссия алдында қорғайтын болады, - дейді қала әкімі.

Комиссия құрамында қоғам белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, кәсіпкерлер мен қоғам бірлестіктерінің өкілдерінен құралған комиссияның әрбір мүшесі үміткердің кәсіпті меңгеру деңгейіне, бизнес-жобалардың әлеуметтік әлеуеті мен қаржылай өміршеңдігіне, бәсекеге қабілеттілігі мен жаңа жұмыс орындарын құруына қарай бағалайды. Комиссия шешімі үміткердің порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. Ашықтық пен жариялықты қамтамасыз ету мақсатында комиссия отырысы қалалық «Еңбек мобильділігі» орталығының инстаграм әлеуметтік желі парақшасында тікелей эфир арқылы көрсетілуде. 

Жалпы, Шымкент қаласында биыл әлеуметтік осал топты азаматтарға арналған 400 АЕК көлеміндегі грантты жалпы саны 447 адамға  беру жоспарланған. Жыл басынан бері өткізілген бірінші және екінші лектің нәтижесінде 228 азамат грант  иегері атанды. Бұл жолы   219 азаматқа грант беру жоспарланған. Қаражат шикізат пен материалдарды, техникаларды сатып алуға байланысты шығындарға жұмсалады.

Шымкент қаласында жастар нашақорлыққа қарсы
Шымкент әкімі бірқатар шағынаудандарда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу