Шымкент қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Шымкент қаласында пробация қызметінде тұрған жастарды жұмыспен қамту және психологиялық көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. Еңбек күні» мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы «Еңбек мобильділігі» орталығының Абай аудандық «Мансап» орталығында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараға қаладағы 10 жұмыс беруші мекеме қатысып, ізденушілерге өндіріс және құрылыс салаларынан техникалық және жүргізуші, дәнекерлеуші-механик, электрик сынды 100-ден астам бос жұмыс орындарына шақырды. Қалалық «Еңбек мобильділігі» орталығының мамандары қосымша «Enbek.kz» сайтында тіркелген 1000-ға жуық жұмыс орнын ұсынды.
- Пробациялық бақылауда жүрген азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу және жұмыс орнымен қамтып, әлеуметтік қолдау көрсеу аса маңызды. Сала мамандары бұл тұрғыда жұмыс орындарына жолдама беріп, қажет болған жағдайда жұмыс беруші мекемелермен қайта тілдесу ұйымдастыруды көздейді. 80-ге жуық ізденуші қатысқан шара нәтижесі бойынша 32 адамға жұмыс орындарына жолдама берілді. Қалғандары бойынша жұмыс беруші мекемелермен қосымша тілдесу жүргізілу жоспарлануда, - дейді Шымкент қаласы қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының психологиялық көмек-күйзелістің алдын алу және жас отбасылармен жұмыс бөлім басшысы Айгүл Қанатқызы.
Айгүл Қанатқызының айтуынша, Шымкент қаласында қиын өмірге тап болған пробация жастарына психологиялық жеке қабылдау өтіп жатыр. Адамдардың қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзетуге бағытталған қызмет түрін биыл 150 азамат алған. Психолог мамандар жеке қабылдауға суицид жасайтындар, пробация тізімінде бар және лудоманияға душар болған жандар жүгінетінін айтты.
– «Қиын өмірлік жағдайларға тап болған жастар мен жасөспірімдерге жеке психологиялық кеңес беру» жобасына «Айкөмек» орталығынан – 8 ана, «Аналар» үйінен – 6 ана, «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу» орталығынан – 2 жасөспірім, пробация жастары –74, жас және де білім беру мекемелерінен 60 оқушының тізімі анықталып, өтініштер қабылданды. Аталған жоба алтыншы қыркүйекте басталып, екінші қарашаға дейін жалғасады. Тәжірибелі 3 психолог маман азаматтарды үш мекенжайда, яғни Орынбаева №42, Түркістан көшесі 2/5, Север шағынауданында қабылдайды, – деді ол.