Жыл басынан бері қалаға 22 мыңнан астам шетелдік турист келген

Oinet.kz 10-09-2023 325

image.png

Шымкент қаласы республикадағы маңызды үшінші мегаполис статусын алғаннан бері инвестиция, инфрақұрылым саласы қарқынды дамып келеді. Бұған қоса, туристік потенциал да жоғарылай түсті. Өйткені, қала дамып жатқаннан кейін туристік нысандар саны көбейеді.  Мегаполис қонақтарына 17 туристік маршрут бойынша 100-ге жуық туристік нысанды ұсына алады. Саябақтар, мұражайлар, тарихи орындар, демалыс базалары қала қонақтарына қызмет көрсетеді. Шымкентте туристерді қабылдайтын 125 бизнес нысан тіркелген. 

2200 жылдық тарихы бар қала болғаннан кейін Ескі қалашық, көне Сайрам, қаншама ғасырлық археологиялық нысандар  соның ішінде, Хызыр мұнарасының тарихы сыртқы туристерді ғана емес қазіргі уақытта қала тұрғындарын да қызықтыра бастады. Өйткені, соңғы кездері адамдар демалатын, көңіл көтеретін орындарға қарағанда сайын даланың тарихын білуге құштарлығы артқан. Сырттан келетін туристерге Ұлы Жібек жолы бойында орналасқандығы бар, тоғыз жолдың торабындағы көне шаһар деп  қалаға міндетті түрде соғып өтеді. 

2023 жылдың жарты жылдығында «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы арқылы Шымкент қаласына 22 мыңнан астам шетелдік  туристтер келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда орталық үшін айтарлықтай үлкен жетістік.

Шымкент табиғатымен тамсандыратын,тарихы терең қалалардың бірі.Шырайлы мекенге шет елден арнайы келетін қонақтар да аз емес. Мамандардың айтуынша қаламызға Еуропа елдерінен туристер көп келетін көрінеді, келудегі басты себептерінің бірі салт-дәстүр қасиетті мекендерді көріп аралап, ұлттық киімдермен танысуды жөн көреді екен.

Сондай-ақ орталықта туристерге ақысыз қызметтерде қарастырылған.Атап айтқанда гид маманы қала бойынша аралатып таныстыра алады сонымен қатар туристер саны 40-50 адамнан асатын болса қосымша көліктерде қарастырылған.

Ақпараттық орталық туристтерден бөлек балалар туризміне де ерекше көңіл бөлуде екен. Балалар туризмінде Қазақстанның түрлі қалаларына арнайы турлар қарастырылған.

«Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығының негізгі мақсаты – туристер мен қала қонақтарына «бір терезе» қағидасы бойынша ақпараттық-консультативтік көмек көрсету.  Visit-shymkent.kz ресми сайты үш тілде жұмыс істейді. Сайтта қаламыздың танымал көрнекі орындары, ұлттық мәзір дайындайтын мейрамханалары және ақпараттар тізбегі жарияланып тұрады. 

Қалалық перзентханада жылына 12 мың сәби дүние есігін ашады
Ақтөбеліктер Шымқаланы аралады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу