Шымкентте ICG технологиясымен лапороскопиялық операция жасалды
Ақ халатты абзал жандар үшін тәжірибе алмасу өте маңызды. Себебі бұл дәрігерлердің біліктілігін арттырып қана қоймай сонымен қатар медицина саласының алға жылжуына, дамуына септігін тигізеді. Миллионды қала Шымкентте денсаулық сақтау саласында айтарлықтай жетістіктер бар. Әсіресе шаһардың ақ халаттылары өзге мемлекетте тәжірибе жинақтап және басқа елдің мамандары осында келіп шеберліктерін көрсетуде. Айталық жақында Шымкент қалалық онкологиялық орталығында Мәскеудің Сеченов университетінің доценті Бусырев Юрий Борисович асқазанның қатерлі ісігіне шалдыққан науқасқа ICG технологиясымен лапороскопиялық операция жасады. Бұл технология ішкі ағзалардың зақымдану аймағын түбегейлі жою үшін зақымдалған лимфа түйіндерін анықтауды жақсартады.Нақтырақ айтқанда, заманауи соңғы әдіс операция үстінде науқастағы ісіктің жергілікті таралуын анықтап, дұрыс тиімді хирургиялық ем тәсілін анықтауға мүмкіндік береді. Жаңа тәсілдің пайдасы сондай-ақ ем-шаралардың нәтижесін көрсетіп, науқастың өмір сүру ұзақтығы арта түседі. Аталған технологиялық әдістер күнделікті тәжірибеге енгізілуде. Мұндай тың тәжірибе алмасулар орталық дәрігерлерінің біліктілігін арттыруда маңызы орасан.
Сонымен қатар қалалық балалар клиникалық ауруханасының кардиолог дәрігерлерімен елордалық дәрігерлер: кардиолог, УДЗ дәрігері Куандыкова Эльмира Акмырзақызы және кардиохирург Мыңбаев Марат Талғатұлы бірлесіп жүрегінде ақауы бар 25-тен астам балаларды қабылдап, ультра дыбыстық зерттеу жүргізді. Қабылдау барысында жүрегінде ақауы бар балаларға арнайы жолдамамен операция жасауға кеңес берді. Айта кетейік, қалалық балалар клиникалық ауруханасында науқастарға нақты дтагноз қоюға, диагностика жасауға, емдеуге, оңғалтуға және түрлі күрделі оталарды жасауға барлық мүміндік қарастырылған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған белгілерімен автотұрақтар, ғимаратқа кіруге арналған лифт, қоңыраулар орнатылған пандустар, арбалар, бөлімшелерде дабыл түймелері, тактильді жолақтар, күту залы, санитариялық арнайы тораптар, акустикалық (сөз және дыбыстық) аппараттар орнатылып, жағдай жасалған.