Бауырына донор болды

Oinet.kz 01-09-2023 129

image.png

Шымкентте туыстық трансплантация отасы сәтті өтті. Бұл жолы дәрігерлер 1986 жылғы науқасқа туған бауырының бүйрегін хирругиялық жолмен салып берді. Ағзасын алмастырған науқастың жағдайы қазір жақсы. Дәрігерлер ағзасын берген донорды бүгін ауруханадан үйіне шығарды. 

Операциядан кейін науқастың хал жағдайын білу үшін қаланың бас дәрігері арнайы өзі ауруханаға келіп, пациентпен тілдесті. 

Ағзасын алмастырған науқас 1986 жылғы қала тұрғыны, алты жылдан бері бүйрек жетіспеушілігі диагнозымен есепте тұрған. Отадан кейін пациент гемодиализге тәуелді болмай, қалыпты өмірге оралған. 

Ағзаны алмастыру отасы №1 қалалық клиникалық аурухана базасында өтті. Бұл бүйректі алмастыруға арналған 205-ші ота. 

— 2013 жылдан беріп ауруханада Мади Хожаұлының бастамасымен ота жасалып келеді. Кореядан, Беларуссиядан мамандар келіп, осында шеберлік сабағын өткізді. 

Бүгінге дейін ауруханада 205 бүйрек және 32 бауыр алмастыру операциясы жасалған. Шымкент қаласында ағза алмастыру отасы сәтті дамып келеді. Жақында кардиологтар жүректі алмастыру отасын сәтті жасап шығып, біліктіліктерін дәлелдей білді. Мұндай жүректі алмастыру отасы көрші Орта Азия елдерінде жасалмаған. 

Ағза алмастыруды қажет ететін науқастардың саулығын жақсарту үшін біз енді мәйіттік трансплатацияны дамытуымыз қажет. Бүгінгі бүйрек алмастыру отасын сәтті жасап шыққан дәрігерлерге алғысымды білдіремін, — деді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков.

Айта кетейік, қазір бүйрек жетіспеушілігімен қала бойынша 2000-ға жуық науқас тіркеуде тұр және де алдағы уақытта науқастарға жоғарғы медициналық көмек көрсету жүргізіледі. Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы «Жүрек» орталығында жылдан жылға жоғары технологиялық оталар саны артуда. Былтыр емдеу орталығында 555 науқастың жүрегіне ашық түрде ота жасалған. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 100 адамға артық. Ал, былтыр тамыз айында кардиология бағыты бойынша медициналық ұйымда ахуалдық орталық ашылған. Орталық кардиология саласындағы мамандандырылған қызметтердің жұмысына жедел мониторинг жүргізіп, емдеу жұмыстарын жақсартуға мүмкіндік берді. Бұл бағытта 44 амбулатория мен 3 ауруханада кардиологиялық кабинеттер ашылды. Осыған дейін мұнда созылмалы жүрек аурына шалдыққан 8 науқасқа LVAC аппаратын орнату операциясы жасалған. 

60 жастағы науқастың жүрегіне қондырғы орнатылды
Шымкенттік дәрігерлер Израильде біліктілігін арттыруда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу