Мүгедектерге қызмет көрсетудің пилоттық жобасы іске асырылуда

Oinet.kz 29-08-2023 172

image.png

Бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Өнербаев Бахтияр Әлтайұлы есептік брифинг берді. Департамент басшысы  медициналық-әлеуметтік сараптама жұмыстары бойынша мәліметтерді жария етті. 

Айтуынша  2023 жылғы шілде айындағы мәлімет бойынша Шымкент қаласында мүгедектігі бар 40597 адам тіркелген, бұл қала тұрғындарының 3,3 пайызын құрайды. Оның ішінде мүгедектігі бар 32899 ересек адам, 7698 бала мүгедектердің орталықтандырылған базасында есепке тұрады. 

Қала бойынша мүгедектігі бар ересек тұлғаларды ауру нозологиясы бойынша талдау төмендегі жағдайды көрсетіп отыр: бірінші орында, жүрек–қан тамыр аурулары бойынша мүгедек деп танылған адамдар – 6365; 

екінші орында психикалық аурулар бойынша мүгедектік – 4586 адамда; 

үшінші орында жарақаттар салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар саны – 3756; төртінші орында жүйке жүйесінің ауруларымен мүгедектік алған – 3189 адам;

бесінші орында көз ауруларынан болған мүгедектігі бар – 2732 адам тіркелген. 

Мүгедектігі бар балалар арасында нозология бойынша:

бірінші орында–жүйке жүйесі аурулары– 3028 бала; 

екінші орында–туа болған ақаулар– 1564; 

үшінші орында–балалардың сал ауруы– 1378;

төртінші орында – психикалық аурулары жөнінен мүгедек – 1203 бала тіркелген.

Мемлекет Басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында берілген азаматтарға бір медициналық мекемеде оларға қажетті қызмет көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау үшін «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» проактивті сырттай мемлекеттік қызмет көрсетудің пилоттық жобасы қабылданып, Шымкент қаласында пилотты проактивті сырттай куәландыру 2021 жылғы 1 қарашасынан бастап іске қосылған болатын. Осы ретте есепті мерзімде Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі 7008 адамға мемлекеттік қызмет көрсетіпті; оның ішінде алғашқы рет куәландырылғаны 1582 адам, қайта куәландырылғаны 5426 адамды құрайды. Қайта куәландырудан өткен 5426 азаматтың ішінде 4507 адам мүгедек деп танылған болса, 351 адам толық оңалтылып, мүгедектер санатынан шығарылған дейді сала мамандары. 

Новая частная школа в скором времени распахнет свои двери в Шымкенте
Штакилерді таңқалдырған Шымкент
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу