Шымкент қаласының Қаратау ауданында үш мектеп салынуда

Oinet.kz 25-08-2023 120

Шымкент қаласындағы Қаратау  ауданы аумағында үш мектептің құрылысы басталды. Қалаға қарасты Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкемановтың айтуынша, аудандағы Нұртас, Таскен, Тұран-2 елді мекендерінде «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында білім ұяларының құрылыс жұмыстары  жүргізілуде екен. Аталған білім орындары алдағы жылы пайдалануға беріледі. 

Screenshot_18.jpg

– Биыл Президентіміздің тапсырмасымен ауданымызда «Жайлы мектеп» жобасы аясында  үш мектеп соғылуда. Жалпы аудан аумағында 48 мектеп, 69 балабақша орналасқан. Жаңа шағын аудандарда салынып жатқан мектептердің құрылысы қарқынды жүруде. Бұл мектептер алдағы жылы пайдалануға берілетін болады. Ал, жылу маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу бойынша 447 көпқабатты тұрғын үйлерге аудан әкімі аппараты тарапынан «Қуатжылу орталық-3» мекемесімен бірлесіп сығымдау жұмыстарын жүргізуге іс-шара жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес, Қаратау ауданындағы жылу алатын көпқабатты тұрғын үйлерге сығымдау жұмыстарын 8 қызмет көрсетуші мекеме атқаруда. Қызмет көрсетуші мекемелер 12 арнайы бригадамен сығымдау жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда, аудан аумағындағы 447 көпқабатты тұрғын үйден 235 үйге сығымдау жұмыстары атқарылған. Қалған 212 көп қабатты тұрғын үй бекітілген жоспарға сәйкес, қыркүйек айының 15-не дейін өтетін болады, –деді аудан әкімі. 

Ал аумақтағы санитарлық тазалық жұмыстарын «Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атқаруда. Сондай-ақ, биыл аудан тұрғындарының қатысуымен орталық көшелердің бойына және көпқабатты үй аулаларына 5 мың түп ағаш көшеті отырғызылған. Өткен жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мекемелермен тұрғындардың келісімшарт түзу көрсеткіші – 99 пайызды құраған. Аудан әкімі  бұл көрсеткішті 100 пайызға  жеткізу мақсатында жұмыстар атқарып жатқандығын атап өтті.

Айта кетейік, Қаратау ауданында 5 мыңға жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмектің оң қорытындысын алған. Аудан әкімі аппараты тарапынаны 1070 отбасыға азық-түлік және тағы басқа көмек көрсетіліпті.

Шымкент қаласында жаңа газ станциясы салынуда
Шымкент қаласында Тәжікстан республикасының ауыл шаруашылығы көрмесі өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу