Шымкент қаласында қысқы маусымға жауапты мекемелердің дайындығы пысықталды

Oinet.kz 22-08-2023 329

Шымкент қаласында қысқа дайындық жұмыстары басталып кетті. Қала әкімі Мұрат Әйтенов қаланың қысқы маусымға дайындық жұмыстарын пысықтау барысында Әл-Фараби, Тұран ауданы және Еңбекші ауданы аумағындағы жауапты мекемелердің базасын аралап, олардың техникасының дайындығын тексерді. 

Screenshot_9.jpg

- Қыс қыстығын жасамай тұрмайды. Дайындықты қазірден бастап, қала көшелеріне қажетті техникамызды сайлап отыруға тиіспіз. Оған қоса жолға тайғақта шашатын құм мен тұзды да қазірден дайындап, жинап алған дұрыс. Бүгінгі аудандарға жасаған жұмыс сапарымда осы мәселелерге де басымдық берілген болатын, - дейді қала әкімі. 

Әл-Фараби ауданына қарасты «Таза өлке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіінің базасында қазір 66 қар күреу техникасы сақадай сай тұр. Аталған аудан бойынша қар тазалау жұмыстары 5 бағытқа бөлінген. Ал Тұран ауданы бойынша тазалау жұмыстары 4 бағытта атқарылады. Сонымен қатар мұнда 68 арнайы техника дайындалған, жауапты мердігер мекеме «ШымкентСпецКомплек» жауапкершілігі шектеулі серіктестік мамандары болса, Еңбекші ауданына жауапты «Группа Интекс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 

Сонымен қысқы маусымдағы тазалау жұмыстары бойынша қалада 450-ге жуық көлік техникасы жұмылдырылады.  Айта кетейік, қысқы кезеңге дайындық жұмыстары бойынша бес ауданда ситуациялық сызба әзірленген.

Сондай-ақ қала әкімі Мұрат Әйтенов қаланың қысқы маусымға дайындығын пысықтау барысында Қаратау ауданы аумағының тазалығына жауапты «Жасыл жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің базасында да болып, ондағы қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына арналған техникаларды арнайы шолып өтті. 

Нақты айтсақ, қысқы маусымға қазір әр ауданнан 80-ге жуық техника әзір тұр. Нысан басында қала әкімі тиісті басқарма мен мердігер мекемелердің басшыларына көктайғақтың алдын алатын шараларға қатысты нақты тапсырмалар жүктеді. Әрі қарай техникалық базаны қосымша техникалармен күшейту, шұғыл қар күрейтін, құм шашатын көліктердің қызметі талапқа сай болу қажеттігін қатаң ескертіп өтті. 

Мұнан соң қала әкімі Абай ауданындағы «КазСтройКапитал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіінің базасымен де танысты. «Әр ауданға қойылатын талап ортақ. Ең бірінші қысқы техникалардың ауа-райының кез келген төтенше жағдайларына сақадай сай тұруы. Сондықтан дайындық жұмыстары әрі қарай да жалғасатын болады» дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Шымкент қаласында жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтті
Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 400 бос жұмыс орны ұсынылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу