Шымкент қаласындағы Абай ауданы инженерлік инфрақұрылыммен қамтылуда

Oinet.kz 23-07-2023 238

Шымкент қаласы Абай ауданында атқарылып жатқан жұмыс көп. Аталған аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрлан Тілештің айтуынша, бүгінгі таңда аудан аумағындағы 27 елді мекеннің 26-ы таза ауыз сумен қамтылған.

Screenshot_19.jpg

Электр жарығы бойынша 27 елді мекеннің 25-і электр жарығымен қамтылып, ол 92,5 пайызды құрап отыр. Жоспарға сәйкес 257 мыңнан астам халқы бар аудан жыл соңына дейін таза ауыз сумен, сапалы электр қуатымен толық қамтыу көзделген.  

Аудан тұрғындарын көгілдір отынмен қамту жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Аудандағы 27 елді мекеннің 20-ы табиғи газбен қамтылса, қалған 7 елді мекенді көгілдір отынмен қамту мақсатында газ тарту жұмыстары басталған. 

– 2024-2025 жылдары 5 елді мекен, атап айтқанда,  Ынтымақ-2 Қайнарбұлақ саяжайы, Бозарық, Жаңақұрылыс аумағы және Тәуелсіздікке 20 жыл ауылдары табиғи газбен қамтылатын болады. Аудан аумағында су басу және су жайылу қауіпі бар 18 орын анықталған. Аталған су басу орындарына ирригациялық жүйелер салу жұмыстары басталды, 2025 жылға дейін толық аяқталады. Абай ауданына әлеуметтік маңызы бар нысандар да қажет. Онда әзірге 18 емдеу мекемесі жұмыс істейді. Олардың 11-і жеке меншік, қалғаны мемлекеттік нысандар. Бұл тұрғындар үшін аздық етуде. 2023-2024 жылдары жеке инвесторлар Ынтымақ шағынауданының №14 емдеу орталығы филиалын салып бермекші. Сондай-ақ, Қайнарбұлақ саяжайы мен Қайнарбұлақ тұрғын алабына да емхана салу жоспарда бар, – дейді Нұрлан Тілешұлы.     

Ауданда мектеп тапшылығын жою мақсатында 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7 білім ғимараты салынады. Биыл 4 мектеп Нұршуақ, Жаңатұрлан, Бозарық шағынаудандарында бой көтерсе, 2025 жылға дейін заманауи білім ошақтары Асар -2, Шымкент Сити, Достық елді мекендерінен салынбақшы. 

Аудан аумағында санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда аудан аумағы 7 секторға бөлінген. Әрбір сектор бойынша тазалыққа жауапты мамандар бекітіліп, 23 техника 210 адам жұмылдырылған. Ауданда халық қауіпсіздігі де назарда. Биыл жоспарға енгізілген көшелер жарықтандырылып, белгіленген аумақтарға 250 бейнебақылау қондырғысы орнатылмақшы.

- «Халық қатысатын бюджет» шеңберінде тұрғындардың талап-тілектері ескеріліп, 15 әмбебап балалар алаңшасы, 3 спорт алаңша салынады. Сонымен қатар ауданның экономикалық әлеуетін көтеретін ірі жоба аудан аумағында «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы салынуда. Аумағы 132,9 гектарды құрайтын индустриялық аймақта тамақ өнеркәсібімен айналысатын, жалпы құны 29,5 миллиард теңгені құрайтын 30 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Мұнда бір жарым мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде, - дейді Нұрлан Тілешұлы.    

Шымкент-Ташкент арасындағы ынтымақтастық арта түсті
Шымкент қаласында кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының саны артуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу