Шымкент қаласында құс қалдықтарынан биоотын дайындау жоспарлануда

Oinet.kz 07-08-2023 239

Шымкент қаласында шаһар тұрғындарын ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету деңгейі арттып келеді. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес қала халқын ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету деңгейін арттыру мақсатында биыл бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарға қойылған. 

Screenshot_47.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше басымдық берілген. Бүгінгі таңда мал және мал өнімдерінен тұратын өндіріс көлемі де соңғы жылдары біршама артқан. Қала аумағындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекеттік қолдау көрсету жалғасып келеді Атап айтқанда, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өткізген сүтінің құнын арзандатуға, мал басын көбейтуге, асылдандыруға, селекциялық жұмыстарға, құс еті мен жұмыртқа құнын арзандату, мал азығы құнын арзандату және тағы сол сияқты бағыттарға мемлекет тарапынан субсидия да берілуде, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Жалпы қала аумағында мал және егін шаруашылығымен қатар құс шаруашылығы саласы да қарқынды дамып келеді. Осыған орай Еңбекші ауданы, Базарқақпа тұрған алабында жаңадан тағамдық жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы бой көтеруде. Аталған құс фабрикасының аумағы 28 гектарды құрайды. 

«Аймар құс» аталатын құс фабрикасының жалпы инвестициялық құны 4 миллиард теңге. Жоба бойынша бірінші кезеңде 220 мың құсқа арналған жеңіл конструкторлы құс фабрикасын құрып, жылдық қуаттылығы 72 миллион дана жұмыртқа өндірілу керек. 

Қазіргі таңда тәуліктік балапандарға арналған 2 қора жай  және мекиен тауықтарға арналған 2 құс қорасының құрылысы аяқталып, толықтай құрал жабдықтары орнатылған. Сонымен қатар, қосымша қора жай құрылыстары қарқынды жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарын осы жылдың қазан айында аяқтау жоспарға қойылған. 

Құс фабрикасына сатып алынған құрал жабдықтар сапалы, әрі Германияда құрастырылған. Жоба толықтай іске қосылғанда 100-ге жуық жаңадан жұмыс орны ашылмақ. Құс шаруашылығында заманауи технологияларды қолдануды қолға алған кәсіпкер алдағы уақытта құстан шыққан қалдықтардан биоотын және биогумус дайындап экологиялық таза тыңайтқыш өндіруді жоспарлауда.

Шымкент қаласындағы Базарқақпа тұрғын алқабындағы көшелерге асфальт жабыны төселуде
Свыше 80 процентов шымкентцев имеют медицинскую страховку
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу