Шымкент қаласында биыл 60 мыңға жуық абонент канализация жүйесіне қосылады

Oinet.kz 16-08-2023 301

Шымкент қаласында кәріз жүйелері жаңартылып, тұрғындар жаңа жүйеге қосылуда. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында Самал-3 шағынауданын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары пысықталды.

Screenshot_30.jpg

Күні кеше аталған елдімекенді аралау кезінде Мұрат Дүйсенбекұлы жергілікті тұрғындармен кездесіп, жол құрылысы барысын тексерген болатын. Бүгінгі жиында шағынауданды аралау кезінде анықталған өзекті мәселелер мен халықтың талап-тілегі талқыланып, шешу жолдары қаралған болатын. 

Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тапсырысымен аталған мекен жайда 2021 жылы құрылыс жұмыстары жүргізіліп, былтырғы жылдың соңында қолданысқа берілген. Қазіргі таңда мамандар тұрғындар арасында кәріз жүйесіне қосу бойынша тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Жоба бойынша канализациялық желілердің ұзындығы 37,3 шақырымды құрайды. Нысан 4 мыңнан астам абонентті орталықтандырылған желіге қосуға мүмкіндік береді. 

- Тұрғындардың көпшілігі жол салынып болған соң кәріз тартуға өтініш береді. Сондықтан, мен жол құрылысын инженерлік желілер толық тартылған соң бастауды ескерттім. Бұл ретте абоненттерді қолайлы бағада канализациялық желіге қосуды ұсыну қажет. Жауын-шашында су басу қаупі туындамас үшін ирригациялық жүйелердің де талапқа сай жүргізілуін бақылауға алу қажет, - деді қала әкімі. 

Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға тұрғындар арасында кәріз жүйесінің тиімділігін түсіндіре отырып, халыққа қолайлы жағдай жасау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ жол және инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысын жүргізуде тиісті басқармалардың жұмысын үйлестіруді ескертті. 

- Қазіргі таңда қаладағы 81 шағын ауданның 24-і кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген. Биыл 10 нысанның құрылыс жұмыстарына тиісті қаражат қаралған. Жыл қорытындысымен 6 нысанның, атап айтқанда, Мирас-Шапағат-2, Тассай, Тұран ішкі жүйе, Қайтпас-2, 112 орам, Бозарық шағын ауадандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент канализация жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Шымкент қаласында шағын аудандарға таза ауыз су жүйесі тартылуда
Шымкент қаласында трансформатор және генератор шығару зауыты салынуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу