Шымкентте ренновация бағдарламасы аясында ескі үйлер сүріліп орнына жаңа баспаналар салынады
Шымкент қаласында тозығы жеткен үйлерден тұрғындарды көшіру жұмыстары басталды. Бұл қалада реновация бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, қала бойынша тозығы жеткен 107 үйді бұзып, орнына жаңасын салу жоспарланыпты.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлау алды бағдарламасында 2029 жылға дейін тозығы жеткен 1500 тұрғын үйді бұзып, орнына көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын салу және оны үй иелеріне жаңа пәтерлерді табыстау тапсырылған. Дегенмен Президентіміздің Ұлттық экономика құрылымында баса мән беріп отырғаны халықты тұрғын үймен, таза ауыз сумен, көгілдір отынмен, жалпы қала тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеру. Яғни, мұның барлығы құрылыс саласымен байланысты екені де белгілі. Осыған орайда Шымкент қаласындағы тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы енгізілген. Реновация – тозығы жеткен тұрғын үйлерді сүріп, орнына жаңа тұрғын үй салу бағдарламасы. Шымкент қаласында 2 мыңнан астам көп пәтерлі тұрғын үй болса, соның 70 пайызынан астамы Кеңес заманынан бері келе жатқан тұрғын үйлер. Қала бойынша 107 тұрғын үй ұсынылып, оның 13-і Абай ауданында, 44-і Әл-Фараби ауданында, 7-і Еңбекші ауданында және 43-і Тұран ауданында орналасқан. Тұрғын үйді бұзбас бұрын ең әуелі міндетті түрде тұрғындардың келісімі алынады. Тұрғындардың толық келісімін алған жағдайда ғана тұрғын үй сүріледі, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Қазіргі таңда Шымкент қаласы әкімдігінің жетекшілігімен тозығы жеткен үйлерге реновация бағдарламасы аясында жүзеге асырыла бастады. Аталған бағдарлама аясында Еңбекші ауданындағы Безделев көшесі 72А мекенжайда орналасқан 8 пәтерлі екі қабатты ескі тұрғын үйдің орнына 7 қабатты заманауи үлгідегі 36 пәтерлі тұрғын үй салу жоспарлануда. Бүгін ескі үйдің сүрілуіне байланысты оның бұрынғы 50 тұрғыны жаңа баспанаға уақытша көшірілді.
Айта кетсек, бұл жоба Шымкент ӘКК сүйемелдеуімен жүргізіліп, толығымен инвестор тарапынан қаржыландырылады.