Шымкент қаласында бес су арнасы күрделі жөндеуден өтуде

Oinet.kz 15-08-2023 225

Шымкент қаласы аумағындағы су арналары заман талабына сай қайта жаңғыртудан өткізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, бүгінгі таңда шаһарда 34 су арнасының 8-іне биыл күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Бүгінде оның үшеуінің құрылысы аяқталып, бесеуінің құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Соның бірі «Сасық-1» су арнасы. 

Screenshot_8.jpg

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2030 жылға қарай суармалы жерлердің көлемін 3 миллион гектарға дейін ұлғайтуды тапсырды. Бұл бағытта қолға алынған жұмыстар баршылық. Сондай-ақ Президент Жолдауда Үкіметке су пайдалануды реттеу және оны үнемдеу технологиясын енгізу жұмысын ынталандыру үшін нақты шешімдерді әзірлеуді тапсырған еді.  Бұл бағытта қолға алынған жұмыстар аясында қалада ауқымды жобалар жүзеге асырылып, су арналары мен өзен жағалаулары абаттандырылуда. Диқандарға су жеткізіліп, алқаптарда бақша өнімдері көптеп өсіріле бастады. Сонымен бірге каналдардың қалыпқа келтірілуі қала экологиясына да оң серпін берері анық, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Оның айтуынша, «Сасық-1» каналдың жалпы ұзындығы 14,1 шақырымды құрайды. Оның құрылыс жұмысына 17 техника, 50 жұмысшы тартылған. Қазіргі таңда бетон блоктары орнатылып, демонтаж жұмыстары толығымен аяқталған. Арнайы өлшем жүргізіліп, жерді құрылыс жұмыстарына дайындап, бетондалған арық жүйесі орнатылуда. Жалпы жұмыстың қазіргі таңда 40 пайызы аяқталуға жақын. Жоспар бойынша жоба осы жылдың қазан айында аяқтау көзделген.

«Бүгінгі таңда негізгі су тұтынушы – бұл ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер. Мемлекет басшысы Жолдауында атап өткендей ауыл шарушылық экономиканы дамытудың драйверлерінің бірі соның ішінде суармалы жердің орны ерекше. Бұл бағытта шаһардағы ауыл шаруашылығы құрылымдарына су жеткізу қала билігінің назарынан тыс қалған емес» дейді қала әкімі Мұрат Әйтенов. 

Шымкент қаласындағы Темірлан тас жол бойындағы кәсіпкерлік нысандардың қас беті жаңартылуда
Шымкент қаласында алты айда 12 мың тұрақты жұмыс орны құрылған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу