Шымкент қаласында жаңа ашылған оқушылар сарайында 53 үйірме жұмыс істеуде

Oinet.kz 04-08-2023 379

Шымкент қаласында жаңадан ашылған оқушылар сарайы оқушылар қабылдап, жұмысын бастады. Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, жаңа ашылған үш қабатты нысанда балаларға барлық жағдай жасалған. 

Screenshot_32.jpg

- «Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сондықтан орталықтың басты мақсаты – баланың күш-жігері мен мүмкіншіліктерінің ашылуына қолайлы жағдай жасау екен. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларында алдымызға қойып отырған талаптар кезең-кезеңмен қаламызда шешімін тауып келеді. Білім, денсаулық пен өнер мектептерінің бүгінгі жағдайы бұрынғыға қарағанда жақсара түскен. Біз оқушылардың білім алуымен қатар, бос уақыттарын тиімді пайдалануы үшін де бар жағдайды жасаудамыз. Атап айтсам, алдағы 2025-2026 жылдарға дейін қаламызда тағы 3 өнер мектебін салуды жоспарлап отырмыз. Тұран шағынауданында қазір бір мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Осылайша, алдағы уақытта әр ауданда Оқушылар сарайы іске қосылады. Мұндай орталықтар жас буынның шығармашылығын шыңдап, жан-жақты дамуына жол ашатын болады, – деді басқарма басшысы. 

Жаңа, жарық, заманауи жабдықталған, ерекше дизайндағы ғимаратты сарай атауына лайық десек те болады. Үш қабатты нысанда бала үшін барлық жағдай жасалған. Қазіргі таңда 5 бағытта 53 үйірме жұмысын бастап кеткен.  Спорт және сауықтыру бағыты бойынша 15 үйірме, таэквондо, шахмат, үстел теннисі, футбол, бассейн, фитнес залы істеп тұр. 

Көркем және эстетикалық бағытта ағаш өңдеу технологиясы, бейнелеу өнері, қыш өнері, қолөнер үйірмелері, өнер және музыкалық бағыт бойынша домбыра, хореография, фортепиано, жетіген, қылқобыз, вокал, скрипка үйірмелері бар.

Гуманитарлық және жастар қозғалысы бағытында журналистика, шешендік өнер, дебат клубы ашылған. Ғылыми техникалық бағыт үйірмелері қаламызда теңдесі жоқ жабдықтармен жабдықталып, баланың ғылым-білімге құштарлығын оятып, бағыттайтын таптырмас орта екен. Ол жерде физика, химия, биотехнология, кипавтоматика, 3Д модельдеу, робототехника, лего құрастыру кабинеттерінің жас ғалымдарға есігі ашық.

Шымкент қаласында жылу, жарық және газ желілерін жаңғырту үшін тариф көтерілді
Шымкент қаласында «Бос жұмыс орны» жәрмеңкесінде 4 мың жұмыс орны ұсынылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу