Шымкент қаласында елді мекендер жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылуда

Oinet.kz 13-07-2023 403

Шымкент қаласында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемеловтың айтуынша, басқарманың қолдауымен және жеке инвестор «Спец автоматика сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан Еңбекші ауданындағы «Оңтүстік» тұрғын алабы талшықты-оптикалық интернет желісімен қамтылды.

Screenshot_6.jpg

Ондағы елді мекенде 38 мың адам тұрып, инетернет игілігін көру мүмкіндігіне ие болды. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында Қазақстанның басты мұраты – цифрлық экономикаға көшу екенін айтты. «Экономикалық өсім туралы айтқанда, біз тек цифрлар мен көрсеткіштерге ғана емес, сапаға да мән беруіміз керек. Цифрлық интеллект индексіне (Digital IQ) сәйкес Қазақстан цифрландыру қарқыны бойынша 20-орында және цифрлық ортаны дамыту жөнінен анағұрлым перспективті елдердің қатарына кіреді. 2022 жылы еліміздегі цифрландыру саласы 12 пайызға өсті. Отандық цифрлық өнімдердің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі артып келеді. Мақсатымыз – 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 500 миллион долларға дейін жеткізу. Дегенмен мұнымен тоқтап қалмаймыз. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз», - деді Президент. Жалпы алып қарасақ, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы тұрғындарының өмір сапасын жақсарту, сонымен қатар ұлттық экономиканы цифрландыру. Бүгінгі таңда қала аумағындағы елді мекендер жоғары жылдамдықты мобильді интернетімен қамтамасыз етілуде, - дейді Мұхит Кемелов.

Оның айтуынша биыл сәуір айында 4 инвестормен меморандум түзіліп, осы жылы 20 шағын ауданды сапалы интернетпен қамтуға келісім жасалған екен.

– Заманауи талшықты-опитика желісінің басты ерекшелігі – интернеттің жылдамдығы. Былтыр 14 елді мекен қамтылса, биыл 20 елді мекенге аталған оппткалық желіні тарту бойынша жеке инвесторлармен меморандумға қол қойылды. Келісімге сәйкес, 2023-2025 жыл аралықта тұрғын алаптар тізімі және олардың мерзімдері белгіленді. 2025 жылы қаланың шеткі аймақтарын толық оптикалық желімен қамту көзделіп отыр. Қазіргі таңда Қайнарбұлақ, Нұршуақ, Ынтымақ -1, Ынтымақ-2 тұрғын алабында жұмыс басталып кетті, – деді басқарма басшысы. 

Басқарма басшысы ондағы талшықты-оптика желісінің сапасын байқап көрді. Сонымен қатар, биыл қалада мобильді байланысты жақсарту бағытында 29 тұрғын алап анықталып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Базалық станция орнату үшін бос жер телімдері белгіленген.  

Шымкент қаласында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша оқу-жаттығу өтті
Шымкент қаласында Шапырашты каналының бір бөлігі пайдалануға берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу