Шымкент қаласында 40 жыл күрделі жөндеу көрмеген емханада жөнделуде
Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданына қарасты №5 қалалық емхана ғимараты күрделі жөндеуден өткізілуде. 1984 жылы пайдалануға берілген емхананың инженерлік желілері толықтай ауыстыру жоспарлануда. Сонымен қатар сыртқы келбеті мен қасбеттері қайта жаңартылатын болады.
Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, осы айдың 1-і күні күрделі жөндеуге қойылған емхананың құрылыс жұмыстары талапқа сай жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары төрт айға созылатын ғимараттың бірінші кезекте сапа жағына мән берілуін қала әкімі мердігерге талап етіп қойған.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауының үшінші бағыты «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция» деп аталады. Бұл бағытта Президент денсаулық саласына арналған қадау-қадау мәселелер мен оның шешу жолдарын айқындап, талдап көрсетіп берген. Президент осы бағыттың ашылуында « Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды» деп бекерден бекер айтып отырған жоқ. Яғни, Президент айтып қана қоймай, медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аударуды да тапсырды. «Медицина – инвестиция салуға қолайлы сала. Тек оған дұрыс жағдай жасау қажет» дей отырып, осы салада жүзеге асырылатын жаңа ұлттық жобаны жүзеге асыратынын айтты. Сол Ұлттық жоба аясында қаламызда емханалар мен ауруханалар заманға сай жаңарып, онда инсульттен емдеу орталықтары, хирургия, жансақтау және оңалту бөлімдері ашылуда, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласында жүргізілген реформалардың игілігін шымкенттіктер де сезінуде. Атап айтсақ, жоғарыда аталған амбулаториялық емханалық көмек көрсететін мекеме бүгінде 58 мыңнан астам тіркелуші тұрғынға медициналық қызмет ұсынып отыр. Сондай-ақ, мұнда 500-ден аса медицина персоналы қызмет етеді.
- Президентіміз айтқандай, мұның бәрі ұлт денсаулығын сөз жүзінде емес, іс жүзінде жақсартуға септігін тигізуде. Ал қаламыздағы қырық жылдық тарихы бар емхананың күрделі жөндеу жұмыстарын қараша айында аяқтап, ел игілігіне қайта беруді жоспарлап отырмыз, - дейді қала әкімі.