Шымкент қаласындағы 7 ірі кәсіпорын Екатеринбург қаласында өткен «ИННОПРОМ» көрмесіне қатысты

Oinet.kz 28-06-2023 259

Шымкент қаласының кәсіпкерлері бүгінгі таңда Рессей Федерациясының Екатеринбург қаласында өтіп жатқан индустрияландыру саласындағы ең басты шарасы - «ИННОПРОМ» XIII Халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысуда. Ол көрмеге Шымкент қаласынан 7-і кәсіпорын қатысып, өз тауарларын көрші ел нарығына ұсынуда. 

Screenshot_40.jpg

«Тұрақты өндіріс: Жаңарту стратегиялары» атты тақырып аясында ұйымдастырылған іс-шараға Қазақстаннан бөлек, 2015-2022 жылдары әріптес болған Италия, Үндістан, Қытай, Түркия, Оңтүстік Корея елдері қатысуда. Осы жылы серіктес ел Беларусь Республикасы болып табылады. Көрмеде серіктес елдің және Тәжікстанның ұлттық экспозициялары ұсынылады, сондай-ақ ресейлік және шетелдік компаниялардың стендтері қойылған. 

Іс-шараның іскерлік бағдарламасы шеңберінде «Ресей - Орталық Азия» іскерлік форумын және «АвтоВАЗ», «Газпромнефть», «Россети», «Сибур», «СТТ», «Джевмаш», «Металлоинвест», «Северсталь», «УЗГА» және тағы басқа ірі кәсіпорындардың қатысуымен компоненттер өндірушілерінің форумын өткізу жоспарлануда.

Иннопроммен қатар көрме кешенінде 7-ші Ресей-Қытай ЭКСПО өтеді, оған 190 компанияның 2000-нан астам өкілінің қатысады. Олардың арасында қытайдың ірі мемлекеттік және жеке өнеркәсіптік холдингтері мен орта Инновациялық компаниялары бар.

Көрмеде Ресейдің, Қазақстанның және басқа шет елдердің сауда-өнеркәсіптік және инвестициялық әлеуеті, сондай-ақ көлік машина жасау, металл өңдеу, цифрлық өндіріс, өнеркәсіптік IT, энергетикаға арналған технологиялар, автоматтандыру, робототехника және басқа салалардағы аса маңызды жобалар ұсынылатын ауқымды экспозицияны ұйымдастырылды.

Іскерлік бағдарлама шамамен 50-ден астам іс-шараны қамтиды. 

Қазақстандық ұлттық экспозицияның ауданы 900 шаршы метрді құрап, 200-ден аса отандық кәсіпорындар ұсынылды. Оның ішінде Шымкент қаласынан аталған көрмеге 7 кәсіпорын қатысып өз өнімін ұысынды. Көрмеде Шымкенттік  «Mega SMART» ЖШС, «Шымкай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жиһаз, «QazAlPack» ЖШС - алюмин банкілер,  «БалТекстиль» ЖШС - кілем, «KASPY GROUP» ЖШС – мұнара крандары, «KazFerroGroup» ЖШС – ферроқорытпа өндірісі тауарларын қойылған. Отандық өндірістегі бұл серіктестіктердің тауарына ресей мен басқа да шет мемлекеттердің өкілдері қызығушылық танытып, әріптестік байланыс орнату үшін келіссөздер жасасты. 

Шымкент қаласында «Жайлы мектеп» жобасы аясында биыл 17300 орындық 12 мектеп салу жоспарлануда
Шымкент қаласындағы индустриаландыру аймағының мүмкіндіктері Өзбекстан кәсіпкерлеріне таныстырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу