Шымкент қаласы таза ауыз су, жарық және көгілдір отынмен қамтылуда
Шымкент қаласындағы құрылыс жұмыстарына «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы да өз тарапынан қадағалау жүргізіп келеді. Жуырда халық қалаулылары шаһардағы құрылыс нысандарындағы жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, өз қорытындыларын шығарды.
Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысында 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы туралы қаралған кезде, осы құрылыс жұмыстарының барысы да сөз болған еді. Партиялық бақылау комиссия төрағасы Ғани Ташқараевтың айтуынша, құрылыс нысандарын аралауға комиссия мүшелерімен қатар қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы, ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті басшылығы, мамандары мен қоғам белсенділері қатысқан.
- Қазіргі таңда қаладағы 81 елді-мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Биыл Қайнарбұлақ, Сайрам, Құрсай елдімекені және Еңбекші ауданындағы жаңақұрылыс аумақтарын, яғни 61 мың халықты таза ауыз сумен қамту жоспарлануда. Алдағы бес жылда қала тұрғындары 100 пайыз таза әрі сапалы ауыз суды тұтынатын болады. Ал табиғи газбен 81 елдімекеннің 51-і толық қамтылған. 2023 жылы табиғи газбен жартылай камтылған 6 елдімекен бар. Олар Тәуелсіздіке 20 жыл, Құрсай, Алтынтөбе, Жұлдыз, Қаратөбе, Тұран шағынаудардары және Тассай, Солтүстік саяжай, Сәуле халқы табиғи газбен қамтылады. Ал сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесі бойынша биыл қуаты 110 мегаваттық «Ақжар» қосалқы стансасын іске қосу бойынша жұмыстар жасалуда, - дейді Партиялық бақылау комиссия төрағасы Ғани Ташқараев.
Оның айтуынша бүгінгі таңда Тұран шағын ауданы көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Ал осы шағын ауданының тұрғындарын табиғи газбен қамту мақсатында 2022 жылы құрылыс жұмыстары басталып, қазіргі таңда толық аяқталған. Сөйтіп Тұран шағын ауданының тұрғындары көптен күткен көгілдір отыннның игілігін көруде.