Шымкент қаласында үш елді мекенге таза ауызсу құбыры тартылуда

Oinet.kz 20-06-2023 206

Шымкент қаласында шағын аудандарды таза ауыз сумен қамту жұмыстары жалғасын табуда. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, қазіргі таңда қала бойынша 81 елді мекеннің 78-і (1084,9 мың тұрғын) таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендері таза ауыз суды бекітілген кестемен тұтынып отыр. 

Screenshot_3.jpg

Сондықтан Шымкент қаласын  сапалы ауыз сумен түгел қамту мақсатында қазір алты нысанда, атап айтсақ, Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумағындағы таза ауыз су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауларында «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін елімізде таза ауызсу мәселесін шешуді тапсырғаны белгілі. Яғни, алдағы үш жылда қалалар 100 пайыз, елдімекендер 80 пайызға дейін таза ауызсумен қамтылуы тиіс. Жолдауда айтылған «Ақбұлақ» бағдарламасы да шаһарымызда өз шешімін тауып, кезең-кезеңмен іске асырылуда. Қазіргі таңда таза ауыз сумен қамтылған қалаға қарасты елдімекендер саны едәуір артқан. Су – тіршілік көзі. Қоғамдағы барлық тіршілік салалары үшін су ресурстарының маңыздылығын айтып жатудың өзі артық. Елімізде осыдан 12 жыл бұрын басталған «Ақбұлақ» бағдарламасы соңғы үш-төрт жылдың көлемінде қарқын алғаны белгілі. Ол «Өңірлерді дамыту», «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламалары және «Ауыл – ел бесігі» жобалары аясында жүзеге асырылуда, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Қала әкімі аталған құрылыс нысандарын аралау барысында Сайрам тұрғын алабына тоқталды. Мұнда жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Мұрат Дүйсенбекұлы атқарылған жұмыстарға шолу жасап, әрі қарайғы құрылыс кезеңдерін де сапалы орындауды тапсырды. 

Жалпы «Сайрам» тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 3 кезеңнен тұратын жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген,  Атап айтқанда, жобалаушы мекеме «Батыс Алға LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан 1 және 2 кезеңнің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған. 

Бүгінгі таңда онда «Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстарын бастап кеткен. Қалған 3 кезеңге жобалаушы мекеме «Redline Pro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан жобалау- сметалық құжаттамасы да әзірленген. Қазір «Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан құрысылыс жұмыстары жүргізілуде.

- Қала аумағында таза ауыз су құрылыс жұмыстары бойынша басталған құрылыс жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ биылғы жылдың соңына дейін 6 нысанның да құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген соң қаламыздағы 72 мыңнан астам адам орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады. Жалпы биыл Шымкент қаласы бойынша таза  ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98,5 пайыздан 100 пайызға дейін жеткізіледі, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Шымкент қаласында жылу желілері ауыстырылуда
Шымкент қаласында су арналарында жаңғырту жұмыстары жүргізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу