Шымкент қаласында дүкендерге қойылған тауардың 70 пайызы отандық өнім өндірушілердің тауары

Oinet.kz 05-06-2023 371

Шымкент қаласында қала әкімдігі мен «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлік Палатасының қалалық филиалы ұйымдастыруымен «Қазақстанның үздік тауары - 2023» байқауы өткізілді. Байқаудың өңірлік іріктеуінен өткен үміткерлерді марапаттау Арбат алаңында өтті.

Screenshot_10.jpg

Алаңда ұйымдастырылған салтанатты кеште жеңімпаздар үш номинация бойынша марапатталды. Аталған байқаудың ұйымдастырушысы «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлік палатасының басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков байқау жеңімпаздарын тәуелсіз сарапшылар мен бизнес-қауымдастықтар, салалық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері анықтады дейді. 

– Жыл сайын өтетін әр байқауда жаңа тауарларды көреміз. Бүгін де кәсібін бастап, ішкі нарыққа кіре бастаған жаңа өндіріс орындарымен таныстық. Осы іс-шара арқылы кәсіпкерлер халыққа өз өнімдерін таныстырып, брендін қалыптастыруға мүмкіндік алады. Көрмеде қала тұрғындары «Осының бәрі өзімізде өндіріле ме?» деп тандануда. Бүгінгі қала деңгейінде анықталған жеңімпаздар жыл соңында республика көлемінде бақ сынайды. Осы ретте қала тұрғындарына айтарым, күнделікті тұрмыста, құрылыста, жалпы барлық жағдайда тек отандық өнімді тұтынса. Осындай қадамдар еліміздің өндіріс саласының дамуына, экономиканың ілгерілеуіне зор үлес қосар еді, - дейді «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлік палатасының басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков. 

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебековтың айтуынша, қаладағы дүкен сөрелеріндегі тауарларға талдау жүргізіп, басым бөлігі отандық өнім екен. «Бүгінгі таңда қаламызда өндіріс орындары халықтың сұранысына сай дамып келеді. 2020 жылы басталған пандемияның өзі отандық өндірістің дамуына алып келді. Біз жуырда дүкен сөрелеріндегі құрылыс пен тамақ өнімдеріне талдау жасап, тауардың 70 пайызы өзімізде өндірілген отандық өнім екеніне көз жеткіздік. Геосаяси жағдайға байланысты импорт көлемі азайып, еліміздегі кәсіпорында өндірілген тауарларға сұраныс артып отыр, - деді басқарма басшысы Береке Дүйсебеков. 

Байқау қорытындысы бойынша «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясымен «Ak-su» корпорациясы, «Asia Trafo» және «Medcomfort» кәсіпорындары марапатталды.  «Халық тұтынатын үздік тауар» номинациясына «Бал Текстиль», «ШымКай», «Әлем БТ» лайық деп табылды. Ал, «Рахат», «Van elle» және «Sweet ideas» кәсіпорындары «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша марапатталған.  

Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі 600-ден астам азамат тұрғын үй жалдау ақысына субсидия алады
Шымкент қаласында кәсіпкерлерге жеңілдіктер де қаралған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу