Шымкент қаласында еріктілер ел дамуына өз үлестерін қосуда

Oinet.kz 12-06-2023 335

Шымкент қаласында волонтерлер жазғы мектепте басқосты. Есте болса, осы еріктілер көмегімен елімізде орын алған пандемия кезінде көп жұмыс атқарылған болаты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жолдауында еріктілер тобын құрып, жастарды қоғам өміріне атсаластыру маңызды екенін айтқан болатын. 

Screenshot_15.jpg

Жастар еліміздің негізгі қозғаушы күші. Президентіміздің де ел жастарына артып отырған сенімі жоғары. Бүгінде Шымкент қаласындағы волонтерлер күшімен атқарылған жұмысы өте көп. Олар қарт кісілерге көмектесу, қоғамдық орындардың тазалығы мен қала көшелерінің абаттандырылуына, қоғамдық іс-шаралардың өткізілуіне үлестерін қосып келеді. 

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлының айтуынша, кеше қаланың жоғары және орта оқу орнындарынан келген 100-ге жуық ерікті екі күнге созылатын іс-шараға қатысыпты. Онда елге белгілі тренерлердің қатысуымен «Soft skills» тұлғалық қабілетті дамыту, мобилография шеберлігі мен «Еріктілердің қоғамдағы рөлі» тақырыбында семинар-тренингтер ұйымдастырылған Еріктілер пікір алмасу алаңында өзара тәжірибе алмасып, ортақ жобаларымен бөлісіпті. 

Бұл іс-шара Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» қолдауымен биыл үшінші рет өткізіліп отыр екен. «Волонтерлер осы мектепте алған білімдерін практикалық тұрғыда шыңдайды. Бүгінде қаламызда 15 мыңға жуық волонтер және 12 волонтерлік және қайырымдылық ұйымдары жұмыс істейді. Олардың дені жоғарғы оқу орындарының жастары» дейді ол. 

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында «Волонтерлік – нақты істермен көрінетін патриотизмнің жоғары деңгейін білдіреді. Отанға деген махаббат үлкен ұрандар мен бос декларациялар емес, бұл – күнделікті еңбек, соның ішінде халықтың игілігі үшін шынайы атқарылатын қайырымды істер» деп атап өтіп жастарға үлкен үміт артатынын жеткізген болатын. Қазіргі таңда ерікті жастардың атқарып жүрген игілікті істері өте көп.  Кез келген жұмысын алып қарасақ, мемлекеттік қызметті атқарғанмен пара-пар, – деді Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлы. 

Шымкент қаласындағы «Арбат» алаңында өткен жәрмеңкеде 5 мың жұмыс орны ұсынылды
Шымкент қаласында тұрғын үй кезегіндегі азаматтар ипотекамен баспана ала алады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу