Шымкент қаласында алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті

Oinet.kz 11-06-2023 282

Шымкент қаласында жаңа жылыту маусымына қажетті дайындық жұмыстары басталып кетті. «Жаз арбаңды қыс сайла, қыс арбаңды жаз сайла» демекші қысқы жылыту маусымына қазірден дайындалмаса болмайды. Өйткені қыс қыстығын жасамай қоймайды.

Screenshot_13.jpg

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, қысқы жылу маусымында шаһар тұрғындарын үздіксіз сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында жаз айларында дербес қазандықтарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде екен. 

- Халқымызда «Жаз арбаңды қыс сайла, қыс арбаңды жаз сайла» деген жақсы сөз бар. Қанша дегенмен биыл қыс жылы өтеді екен деген болжамдарға да сеніп қалып, арқаны кеңге салуға болмайды. Қыс қыстығын жасамай тұрмасы белгілі. Халыққа бірінші кезекте жайлылық керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында, «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы, қоғам игілігіне және сәулет саласына қатысты бірнеше өзекті мәселелер аталып, оған қатысты тапсырмалар берілгені белгілі. Жалпы бүгінгі адам үшін ең керегі жоғарыда айтқанымдай, жайлылық. Яғни, алаңсыз жұмыс істеуі үшін жайлылық керек. Біз халық алдындағы міндетімізді талапқа сай орындау үшін де алдағы жылыту маусымына дайындықты бүгіннен бастап кеттік, - дейді қала әкімі.

Қала басшысының айтуынша, әр тұрғын үйдің ішкі жылу жүйесіне сығымдау, жылу алмастырғышты тазалау және реттеу жұмыстарын жүргізілмек. «Қазіргі таңда «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қаламыздың 16 нысанында жалпы ұзындығы 8,76 километрді құрайтын ішкі орамдық жылу жүйелерін ауыстыру жұмыстарын жүргізілуде» дейді қала әкімі. 

Бүгінгі күні кесте бойынша жылу жүйелеріне байланысты Толстой көшесі «Эмир» дәмханасы және Сасбұқаев көшесіне дейінгі аралық, Нұрсат пен Күншығыс шағынаудандарындағы жеті көпқабатты тұрғын үйдің, сонымен қатар Пазылбеков пен Тауке-хан, Қонаев көшелеріндегі біраз үйдегі жұмыстары толық аяқталған. Қазіргі таңда негізгі жұмыстар үш көшеде жүргізілуде. Мәселен, Мангельдин көшесіндегі жұмыстар 16, Шаяхметов көшесі – 40, Алдияров көшесіндегі жөндеу жұмыстары 52 пайызға аяқталған.

Ендігі кезекте алты көшедегі жылу құбыры желісінің жүйесі қаралып, жалпы 3508 метр құбыр желісі тексеріліп, жылыту маусымына дайындығы пысықталмақшы.   

- Бүгінде оралық қазандықтардың барлығында қосымша қазандықтар орнатылған. Табиғи газбен қазандықтардың жанында қатты отынмен жылытылатын резервтегі қазандықтар бар. Жарық сөніп қалған жағдайда генераторлар іске қосылады. Сонымен бірге жарықпен қамтамасыз ету мәселесі де оң шешімін тапқан. Табиғи газбен жылытылатын нысандардың дені электр қуатымен жұмыс істейді. Қорыта айтқанда, Мемлекет басшысының Жолдауында тапсырылған бағыттар мен бағдарды басшылыққа ала отырып, жұмыс жалғасын таба беретін болады, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Шымкент қаласында заманауи Конгресс-холл ғимараты бой көтеруде
Шымкент қаласындағы «Арбат» алаңында өткен жәрмеңкеде 5 мың жұмыс орны ұсынылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу