Шымкент қаласына Ресейліктер де инвестиция салмақ

Oinet.kz 07-06-2023 256

Шымкент қаласының географиялық орналасуының өзі шетелдік инвесторларды қатты қызықтырып отырғаны белгілі. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, Қытайлық инвесторлар арнайы экономикалық аймақта орналасқан зауыттар мен кәсіпорындардың жұмысын жандандыруға қызығушылық танытып отыр екен.

Screenshot_2.jpg

Жұмыс істеп отырғандары да бар. Инвестиция саламыз деп келіссөздер жүргізіп жатқандары да баршылық. Енді солардың қатарына Ресей мемлекеті қосылуда. 

- Мемлекет басшысы Жолдауында елдегі шағын және орта бзнесті дамытуға қолдау көрсету қажеттігін баса айтты. Қазіргі таңда Шымкент қаласы инвесторлар үшін өте қолайлы қалаға айналып отыр.  Инвестақуалды жақсарту мақсатында атқарылып жатқан кешенді шаралар да шетелдік бизнес өкілдерінің Шымкент қаласына деген қызығушылығын арттыруда.                        Осы бағытта қолға алынған жоспарлы жұмыстардың барысында биылғы 4 айында қала экономикасына 134,2 миллиард теңге инвестиция тартылды.  Көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20,1 пайызға артып отыр. Сондай-ақ, жыл соңына дейін 721,7 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Осылайша биылғы көрсеткішті алдыңғы  жылмен салыстырғанда 32 пайызға арттыру  көзделуде, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы. 

Жалпы Шымкент қаласының экономикасына өткен жылы 148,7 миллион  АҚШ долларына тікелей шетелдік инвестициялар тартылған болатын. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібіне тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі - 161,3 миллион теңгені құраған. Жалпы, 2023-2027 жылдар аралығында қалада жүзеге асырылатын құны 1,7 триллион теңге құрайтын 227 инвестициялық жобаның пулы жасалған.

- Шымкент қаласында өз бизнесін дамытуға қызығушылық танытқан шетелдік инвесторлар көп-ақ. Солардың қатарына енді Ресей мемлекетінің бизнес өкілдері қосылды. Жалпы жоғарыда айтқанымыздай шетелдік инвесторлар көмегімен алдағы бес жылдықта 2278 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген. Бұдан бөлек, шетелдік инвесторлардың қатысуымен 2670 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін  10 жобаның іске асырылуы жоспарлануда. Олар, атап айтсақ, жоба аясында тұрғын үйлер салу, құрылыс материалдарын өндіру, синтетикалық иірілген жіп және мата өндірісіне қатысты ауқымды жобаларды айрықша атап өтуге болады, - дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.  

Бүгінгі таңда Шымкент қаласына жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы мен инвестиция тарту мәселесі - тікелей қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бақылауында тұр. Алдағы бес жылға жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қала билігі тарапынан бүгінгі таңда барлық бағытта кешенді шаралар жоспары жасалып, тиісті жұмыстар кезең-кезеңмен мақсатты жүргізілуде.           

Шымкент қаласының арнайы экономикалық аймағы өндіріс көлемін арттыруда
Шымкент қаласында Қытай инвесторларының көмегімен төрт жоба іске асырылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу