Кәде сыйлар дүкеніне туристер көптеп келеді

Oinet.kz 20-07-2019 934

Screenshot_4.jpg

Түркістанға келетін туристер үшін кәде сыйлар дүкені қызмет көрсетуде. Сондағы сатушы Таскүл Жиенбекова бүгінде шағын бизнесті отбасылық кәспке айналдырып отыр.

Дүкенде ұлттық нақыштағы көптеген заттар сатылымға шығарылған. Білекзіктен бастап, құран сөздері жазылған бұйымдар, асыл тастар, үй жиһаздарына жапыстыратын магниттер, Түркістан жайында суреттермен безендірілген кәде сыйлар самсап тұр. Қасыиетті адыраспанға деген сұраныста жоғары екен.  

Таскүл апаның айтуынша мұнда тұмар мен үкі көп сатылады. Ырымға сүйенетін көпшілік тұмарды тағып алатын болса, үкіні жаңа келіннің шымылдығына іледі екен.

Сондай-ақ, мұнда қаладағы қолөнершілер жасаған түрлі қолөнер бұйымдары бар.

-  Сондай-ақ, түркістандық жерлестеріміздің кәде-сый ретінде кіші көлемде жасаған қобыз, домбыра, бесіктерін дүкен сөресіне қойып, қолөнер бұйымдарын түрлендіріп отырамыз. Бүгінде немерелерім қолқанат болып, көмектерін беріп отырғанына ризамын. «Еңбек түбі - береке» дегендей, осы дүкеннің арқасында қызым Баян жаңа үй салып алды, Аллаға шүкір, -дейді Таскүл апа.

Мұндағы кәсіп иелерінің көпшілігі әшекей бұйымдардыҚырғызстаннан, Ташкенттен, Үрімжіден алып келеді. Сол өңірлерде қолөнер бұйымдарын сататын дүкендерінде болып, тәжірибе алмасады.

Түркістанға келген туристерге өңірдің сан алуан ерекшеліктеріне сай кәде сый ұсынып отырған кәсіп иелері шет елден келушілердің де құрметі жоғары. 

Түркістанда қуырылған балмұздақ жасалуда
Түркістандық кәсіпкер сауап іс жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу