Түркістан жиһаздарына Орталық Азияда сұраныс жоғары
«Cordial Turkestan» ЖШС директоры Ходжаахмед Исматуллаев
Шағын және орта кәсіпкерлік - кез-келген мемлекеттің экономикасының негізгі драйвері. Ел ішінде кәсіпкерлер көбейгенде, жұмыссыздар саны қысқарып, қазынаға түсетін салық көбейеді. Сонымен қатар, шел елдерден тауар әкелу азайып, керісінше, экспорт көлемі артады. Бұл өз кезегінде елдің экономикасының қарқында түрде дамуына зор ықпалын тигізеді.
Түркістан қаласы кәсіпкерлерден кенде емес. Мұнда әр түрлі өнімдер өндірушілер қатары өте көп. Мысалы, «Cordial Turkestan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін алсақ болады. Қазіргі таңда облыс орталығындағы индустриалды аймақта орналасқан аталған кәсіпорын ортопедиялық матрас, паралон және жұмсақ жихаз шығарумен айналысады. Кәсіпорын басшысы Ходжаахмед Исматуллаевтың айтуынша, бұл кәсіпкерлік нысан 2017 жылы желтоқсан айында индустриалды аймақта ашылды. Кәсіпорын аумағы 3,7 га құрайы. Қазір 2 га игеруге жұмыстар жүргізіп жатыр. Индустриалды аймақта техникалық жайлылық бар. Жарық, су тартып әуре болмайды. Көптеген кәсіпорындар шоғырланғандықтан барлық фактор ескерілген. Техникалық себеппен төтенше жағдайлардың болу ықтималдығы төмен.
«Cordial Turkestan» жұмысшылары жұмыс үстінде
- Осыдан 15 жыл бұрын Түркиядан жиһаз жеткізуден бастадым. Бізде де осындай өнім шығарылса ғой деп қатты қызығатынмын. Көріп тұрғаныңыздай қызығушылығым өз жемісін берді (мекеме құрастырған жұмсақ жиһаздарға назары ауып жымиды). Астана, Ташкент қалаларында дүкендеріміз орналасқан. Италия мен Швециядан ортопедиялық матрац алып келеміз. Бірақ бұл тасымал өзіміз матрац жасап шығарғанға дейін жалғасады.
Біз матрацты әлемнің бесінші елі болып өндіріп бастаймыз. Азияда кеңінен экспорттауға мүмкіндік бар. Жиһаз өндірісі маусымдық бизнес. Ал матрац уақыт талғамайды. Бизнесте әрқашан трендте. Еуропадан қымбат бағаға келеді. Біз арзанырақ бағаласақ сұраныс көлемі артады.
Ең арзан дивандар – 50 мың. Ең қымат диван талғамы биік сатып алушының тарапынан жасалған. Үй интернінін ескеріп арнайы жасалған жиһаз құны 1,5 миллион теңгеге бағаланды. Қаңтар айынан бастап сұраныс азаяды. Мамыр айынан бастап сұраныс күрт өседі. Бұл жұмысшы санына әсер ететін фактор. Сұраныс бар кезде 25 жұмысшы, сұраныс жоқ кезде 10 жұмысшы шаруа атқарады, - дейді кәсіпорын басшысы. Ол жұртты кәсіп жасаудан қорықпауға шақырады. Оның айтуынша, тәжірибе барысында барлығын меңгеруге болады. Не себепті бизнес жасайтынын түсінген адам қалай жасау керек екенін автоматты түрде болжай алады.
Қазіргі таңда Түркістан индустриалды аймағында кәсіпкерлерге барлық жағдай жасалып отыр. Ең бастысы, істі қорықпай бастап кету керек. Оған мемлекет тарапынан барлық көмек көрсетіледі.