Ашық кездесулер–тиімді жұмыс кепілі

Oinet.kz 14-11-2022 430

24.jpg

Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев Тегісшіл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен атқарылған жұмыстар жайлы баяндап, әрі қарай да бұл жұмыстардың қарқынмен жалғасатынын жеткізді. Осыған дейінгі кездесулерде көтерілген мәселелердің басым бөлігі шешімін тапқан. Атап айтқанда, былтырғы жылдың желтоқсан айында берілген табиғи газды Таскескен, Мадениет және Тегісшіл елді мекендердегі тұрғын үйлерге қосу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, «ҚазТрансГаз» аймақ АҚ-нан атқарушылық техникалық шарты (ИТД) бар тұрғындар өздері келісім-шартқа тұрған мердігер мекемелер арқылы газ есептегіш жәшіктен тұрғын үйге қосу жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде Тегісшіл ауылдық округі бойынша 853 абонентке (70,1%) табиғи газ берілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Таскескен елді мекеніне кіре берісіндегі А.Омаров көшесінің жарық шамдарын алмастыру жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлініп, жарық шамдарын алмастыру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, Таскескен елді мекеніндегі Көктөбе және Т.Омаралиев көшелерінің 4,5 шақырымын ағымдағы жөндеуден өткізу үшін бюджеттен қаржы бөлініп, қараша айының екінші он күндігінде мердігер мекеме тарапынан тас төсеу жұмыстары басталатын болады.

Бүгінгі кездесуде тұрғындар тарапынан аудан басшысына мектеп салу, ардагерлерге арналған кеңсе ашу, учаскелік полиция инспекторлары жұмыс уақытында орнында отырмау, бағдаршамды жөндеу бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. 

Кездесуден кейін аудан басшысы бір топ тұрғындарды жеке қабылдап, өтініштерін тыңдап, заң аясында жауап берді. Аудан басшысы бүгінгі кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, алдағы уақытта заңға сәйкес тиісті жұмыс атқарылатынын жеткізді.

 Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


Әрбір тұрғынның мәселесі маңызды
Жұмыспен қамту жоспары артығымен орандалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу