Көшпелі кездесу Ынтымақта өтті

Oinet.kz 16-11-2022 575

20.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ түретін мемлекет» тұжырымдамасы аясында бекітілген кестеге сәйкес елді мекендерде көшпелі кездесулер өткізіп жүрген Жетісай ауданының әкімі Мұрат Кадырбек бүгін Ынтымақ ауылдық округінің өзекті мәселелерін талқылады. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аудан әкімінің орынбасарлары мен алдыңғы тоқсанда өткен кездесуде көтерілген мәселелерге жауапты сала басшылары бас қосқан жиында егістік алқаптары мен тұрғын үй аумақтарында жерасты суының көтерілуін болдырмау, мол өнім алу мақсатында округ аумағында тік дренаждар салатын орындардың белгіленіп, «Қазсушар» РМК Түркістан облысының Жетісай аудандық тік дренаждарды пайдалану өндірістік бөлімшесіне тік дренаж салатын орындардың мемлекеттік актісін жасауға және құрылысын жүргізуге ұсыныс берілгендігі айтылды. Қазіргі уақытта Асықата өңірінде 210 дана тік дренажды іске қосуға «Жер-Ана» ЖШС тарапынан сметалық жобалар дайындалып, мемлекеттік сараптамаға тапсырылған.

Округтің өзекті, түйіні тарқатылуы тиіс салаларын саралап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тағы бір рет талқылаудан өткізген Мұрат Болатұлы жауапты мамандарға жұмысты әлі де болса жандандыруды тапсырды.


Ордабасыда 9 ауылға газ берілді
Төл валюта күні аталып өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу